Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Дәретхана  мәселе емес

c 10:39, 23/11/2019 c 752

0:00 / 0:00

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов үшін 288 мектептің дәретханасы далада тұрғаны маңызды мәселе емес. Бүгін елордаға ат басын тіреген өңір басшысы журналистермен баспасөз маслихатын өткізген еді.  Мәлім болғандай, еліміз бойынша мектептердің дәретханасы далада орналасқан облыстар арасында Шығыс Қазақстан үшінші орында тұр. Алайда, әкім журналистерді дәретханадан да маңызды мәселелерді көтермейсіңдер деп сынады.

Әкімдердің дәстүрлі баспасөз маслихатының бүгінгі қонағы –Шығыс Қазақстан  облысының басшысы Даниал Ахметов болды. Мәлім болғандай, еліміз бойынша мектептердің дәретханасы далада орналасқан облыстар арасында Шығыс Қазақстан үшінші орында тұр. Өңірдің 288 мектебінің дәретханасы сыртта орналасқан. Қақаған аязда оқушылардың суықтап қалу қаупі бар. Бұл сұрақ әкімге ұнамай қалды. Ахметов үшін мәдениет дәретханадан басталады деген ұғым маңызды мәселе емес екен.

Мақтау сүйетін әкім, журналистерге Ақтоғай тау-кен байыту комбинатында  бірде-бір қытай жоқ екенін айтпадыңдар деп ренжіді. Оның айтуынша, былтыр аймақта Ақтоғай тау-кен байыту комбинаты жобасы іске қосылған болатын. Әлем бойынша мұндай технологиялық нысан бесеу ғана. Қытайдың несиесіне салынған кәсіпорында 1750 адам жұмыс істейді. Есесіне 10 аса Австралия, Пәкістан мен Үндістанның жұмысшылары бар.

Еске сала кетейік, бұған дейін Шығыс Қазақстанда алтын кеніштерін тек қытайлар ғана игеріп жатыр деген ақпарат тарағанды. Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысының әкімі өңірде медицина саласын дамытуға екі қолды сыбана кіріскенін баяндады. Алайда,  облыстың 8 мың халқы бар Тарбағатай ауданында УЗИ, ФГДС жасайтын құрылғылар жоқ деген мәлімет айтылды. Бұл сауал да әкімнің ашуын тудырды.

Ахметовтің есебіне сүйенсек, Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақату саласына  22,3 млрд теңге жұмсалған. Ол медициналық жабдықтарды жаңартуға, кадр дайындауға, саланы цифрландыруға бағытталған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.