Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Даму банкінің жоспары

c 09:41, 26/01/2021 c 310

0:00 / 0:00

Қазақстанның Даму банкі квазимемлекеттік жобалардың үлесін азайтуды және жеке сектордағы кәсіпкерлікті қаржылай қолдауын күшейтпек. Бұл жайында бүгін өткен баспасөз маслихатында «Қазақстанның Даму банкі» АҚ Басқармасының төрағасы Абай Сарқұлов хабарлады. Банк 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық мемлекеттік бағдарламасының негізгі операторы ретінде 544,2 млрд теңгеге 26 инвестициялық жобаны қаржыландырған.  Бүгінде ол жобалар жүзеге асуда.  5,5 мың жаңа жұмыс орны құрылды деп отыр банк өкілдері.

Қазақстанның Даму банкі ірі бизнес-инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландырады.  Яғни индустриалды-инновациялық бағдарламалардың негізгі операторы. Өткен 5 жылда 26 жобаға 500 миллиардтан астам  қаржы құйдық . Зауыттар мен фабрикалардың жұмысын жандандырдық дейді банк басшылығы. Сарапшылардың айтуынша, Қазақстан Даму банкі онсыз да өндірісі гүрілеп тұрған ірі акционерлердің жобасын мемлекет тарапынан қолдауда алдына жан салмайды. Мысалы, бүгінде Қазақстанның Даму банкінің  «Қазақтелеком» мен «Қазцинк» компанияларының жобаларын несиелендіру жоспары бар.  «Қазақтелеком» компаниясы  мемлекеттің ақшасына 14 жыл бойы өзі құрған интернет жүйесіне қызмет көрсететін болады. Сөйте тұра  банк басшысы  ендігі жоспарында квазимемлекеттік жобалардың үлесін азайтамыз деп сендіреді.

Айта кету керек, Қазақстан даму банкі «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысында  отандық экспорттаушыларды қаржыландыру, вагон-өндірушілер мен авто-өндірушілерді қолдау, өңдеу өнеркәсібін қаржыландыру үшін 800,6 млрд теңгені игерген. Ал бұл қаражаттың  753,1 млрд теңгесі  Ұлттық қордан, қалған 47,5 млрд теңге – БЖЗҚ  бөлінген.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.