Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Цойдың болжамы

c 17:43, 16/03/2021 c 496

0:00 / 0:00

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой эпидемиологиялық ахуалға қатысты пессимистік және оптимистік болжамдарымен бөлісті. Министрдің айтуынша, пессимистік сценарий кезінде сәуір айында тәулігіне 1700 науқас тіркелуі мүмкін. Дегенмен, оптимистік болжамға сенсек, күніне 500 науқас ковид инфекциясын жұқтырады дейді ол. Үкіметтің онлайн отырысында қызыл аймаққа қайта кірген өңірлердің басшыларына карантин шараларын қатаңдату тапсырылды. Ал жалпы әкімдер мен денсаулық сақтау министрлігіне халықты вакцинациялау мәселесін күшейту жүктелді.

Қазақстан ковид инфекциясының таралуы бойынша сары аймақта тұр. Елде соңғы тәулікте 954 науқас тіркеліп отыр. Үш өңір қызыл аймаққа қайта кірді. Үкімет отырысында еліміздің бас дәрігері Алексей Цой тағы да пессимистік және оптимистік болжамдарымен бөлісті.

Алексей Цой – ҚР ДСМ -«Сәуір айында тәулігіне 500 жағдайға дейін тіркеледі деп күтудеміз. Ал пессимистік тұрғыдан алғанда, вирус жұқтыру жағдайы тәулігіне 1700-ге дейін жетуі мүмкін. Вакцинациядан болатын тиімділік бірінші кезеңде уақытқа тәуелді болады, себебі иммунитет қалыптасуы үшін белгілі бір уақыт өтуі керек. Осыдан кейін ғана вакцинация нәтижесі көріне бастайды және елдегі эпидемиологиялық жағдайға оң әсер ететін болады»

Қызыл аймақтан шықпай қойған ел астанасында 18 наурыздан бастап локдаун енгізілді. Яғни дәл наурыз мерекесі қарсаңында елорда қатаң карантинде болады. Жексенбі күндері азық-түлік дүкендерінен басқа  ірі ойын-сауық орындары, сауда үйлері жабылады. Қоғамдық көліктердің жұмысы тоқтатылады.  Сенбі және жексенбі күндері фитнес-орталықтары, сауналардың, СПА-орталықтардың жұмысына тыйым салынады.

Бүгіннен бастап қауіпті індетті жұқтырушылар саны артқан Батыс Қазақстан облысы да қызыл аймаққа енді. Облыс басшысы алдағы күндері аймақта карантин шараларын қатаңдатамын деп отыр.

Бір айдан асты елде коронавирусқа қарсы вакцинация басталды. Қазір 76 мыңнан астам қазақстандық екпе алды.

Алексей Цой – ҚР ДСМ «Наурыз айының соңында 180 мың доза қосымша вакцина жеткізіледі. Сәуірден бастап азаматтардың осал топтарына және 65 жастан асқан егде жастағыларға вакцина салынады»

Әрине ковидке қарсы вакцина жасауға мәжбүрлеу жоқ. Бірақ үкімет екпе жасатуды күшейтуді қолға алып отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.