Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Цой отставкаға кете ме?

c 09:41, 17/06/2021 c 585

0:00 / 0:00

Еліміздің бас дәрігері Алексей Цойдың қауіпті індетпен күреске қатысты жұмысы жиі сыналып жатыр. Әсіресе көпшілік үшін жабық министрдің әрекетін журналистер ғана емес,  Парламент Мәжілісінің спикері Нұрлан Нығматулин де айтып, оған ауруханаларды аралауға кеңес берген болатын. Көп күттірген денсаулық сақтау министрі бүгін журналистермен онлайн режимде брифингке шықты. Министр Алексей Цойға күзге дейін 10 миллион адамға вакцина салу міндеті орындалмаса, отставкаға кетуге дайынсыз ба деген сұрақ қойылды. Цой мырза бәрі Президенттің шешіміне байланысты деп құтылды.

Осыған қарағанда денсаулық сақтау министрі Алексей Цой міндетін атқара алмаса, өз бетінше ерлік танытып,отставкаға кетемін деп айтпайтын сияқты. Бұған дейін министр күзге  дейін 10 миллион адамды вакциналау жоспары барын айтқанды. Ол айына шамамен екі миллион адамға екпе  егіледі деген сенімде болды. Алайда бұл арманы  орындалмай жатыр. Бүгінде  республика бойынша вакциналау қарқыны төмен.16 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда 2 587 884 адам вакцинаның бірінші компонентін алса, II компонентін 1 480 309 адам салдырған. Бастапқы мақсатына жетпесе Цой қызметінен кетуі мүмкін бе?

Алексей Цой- ҚР денсаулық сақтау министрі «Кез келген үкімет мүшесінің кез келген мәселесі мемлекет басшысына байланысты. Сол себепті біздің жұмысымызға қандай баға берілсе, сондай шешім қабылданады. Вакцина салу – ерікті дүние, сол себепті біз ешкімді мәжбүрлей алмаймыз. Тек түсіндіру жұмысын жүргіземіз, БАҚ өкілдерінен де ақпараттық қолдау көрсетуді сұраймыз»

Ал сәуір айында ел Президенті министр Цойға ковидке қарсы екпе жұмысын қарқындатуды тапсырғанды. Егер ол бұл істі тиісті деңгейде атқара алмаса, оның жылы орнымен қоштасуы мүмкін екенін де ескерткенді.  Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елде қауіпті індетпен екінші рет ауырғандар саны 800-ге тарта адамды құрап отыр. Жалпы пандемия басталғалы республикада індетке шалдыққандар саны 404 064 адамға жетті. Қазір эпидемиологиялық жағдай тұрақталған.  Ел астанасы ғана қызыл аймақта тұр. Нұр-Сұлтанда ковидке қарсы вакцина салдыру көрсеткіші де төмен.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.