Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бұқаралық спорт қолжетімсіз

c 09:21, 19/05/2021 c 631

0:00 / 0:00

Қазақстанда бұқаралық спортты дамыту туралы Президенттің тапсырмасы аяқсыз қалып отыр. Бүгін мәжілістің әлеуметтік даму комитетінің отырысында  депутаттар балалар арасындағы бұқаралық спортты дамыту мәселесін майшаммен қарады. Өкінішке орай, бұқаралық және балалар-жасөспірімдер спортын  дамыту жұмысы тек ұрандармен шектеліп отыр деді сарапшылар. Ал білім министрлігі болса, оқушылардың спортпен шұғылдануы 39 пайызды ғана құрап отыр дейді. Бұл әрине тым төмен көрсеткіш. Балаларға арналған аула спорт клубтарын арттыру қажеттігі айтылды.

Мәдениет және спорт вице-винистрі Ерлан Қожағапановтың мәліметінше, бұқаралық және балалар-жасөпірімдер спортын дамытуға 16 млрд теңге бөлінеді.  Бұл қаражат еліміздегі кәсіби клубтарға бөлініп, үнемделген  ақшадан  алынбақшы. Өкінішке орай айтулы жиынған онлайн режимде қосылған вице-министрдің интернеті нашар болды ма, бет-бейнесін көре алмадық. Оның айтуынша, мектеп бағдарламасына  «қазақ күресі», «тоғызқұмалақ», «асық ату» бойынша білім беру енгізіледі. Осылайша дене шынықтыру сабақтарында ұлттық спорт түрлеріне үйретеді.  2023 жылы дене-шынықтыру пәнінің мұғалімдерінің жалақысы 25 пайызға өседі. Сондай-ақ, республика бойынша  100 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүріп жатқанын айтты.  Алайда, вице-министр Қожағапановтың бұл есебі депутаттар мен сарапшыларды сендіре алмады. Себебі, балаларды спортқа тарту мәселесі тек мектеп аясында ғана жүзеге асуда. Ал карантин барысында балалар спорттан қол үзді.

Оқушылардың спортпен шұғылдануы 39 пайызды ғана құрап отырғанын білім вице-министрі мойындап отыр.  Спорттық аула клубтарының жұмысын жандандыру қажет дейді ол.

Бұқаралық спортты дамыту мәселесінде спорт министрлігінің жұмысы тым кенже қалған деді депутаттар. Спорт комитетінің басшысы болса, бұқараны спортқа баулуды бейнероликтермен қатырып жатырмыз дейді.

Спорт министрлігінің есебінше, қазір дене шынықтыру ұжымдарының саны 21 334-ке жетті. 130 мыңнан астам спорт секциясы құрылды, онда  5,3 млн адам қамтылды.Алайда, сарапшылар мұның бәрі өтірік сан дейді.

Осылайша Президенттің бұқаралық және балалар спортын дамыту туралы тапсырмасы аяқсыз қалып отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.