Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бұйырған лауазым

c 20:00, 19/12/2019 c 680

0:00 / 0:00

Жаңа қызметіне кіріскен Нұрлан Ноғаев энергетика министрі  болу-«бұйырған лауазым» дейді. Күні кеше билікте орын алған ауыс-түйіс барысында Ноғаев Атырау облысының әкімі болып отырған жерінен, жоғарыдан келген бұйрықпен елордаға жеткен болатын. Енді ол энергетика министрі. Су жаңа министрді асыға күткен журналистердің Ноғаевқа қояр сұрағы да көп болды. Министр журналистерден қашпаймын, команда ауыстырмаймын, бензин бағасын реттеу үшін жұмыс істеймін деген таудай уәдесін берді. Үкімет үйінен әзірлегенген бейнематериалға назар аударайық.

Еске сала кетейік, экс-әкім  Нұрлан Ноғаев президенттің кеңесшісі болып кеткен Қанат Бозымбаевтың орнына тағайындалды. Ал Атырауды басқару бұрынғы энергетика вице-министрі Махамбет Досмұхамбетовке бұйырды. Атырауды артқа тастап, түнделетіп Нұр-Сұлтанға ұшып келген су жаңа энергетика министрі Нұрлан Ноғаев бірінші жұмыс күнін үкімет отырысынан бастады. Бұл жолы әкім емес, министр ретінде бұйырған орынға отырды. Үкімет отырысынан соң, журналистердің күткені  су жаңа министр еді. Бұл  жолы сұрақтан қашатын  кей министрлердің жолы болды. Ноғаев  министр болуды армандады ма?

Жаңадан тағайындалған министр кабинетіне әлі бармаған. Ал экс-министр Бозымбаев отырған  креслоны ауыстырмайтынын айтты.Ондай әдет жоқ екен. Әдетте жаңа басшы келсе, нөкерлерін ерте келеді. Яғни жұмысын команданы ауыстырудан бастайды. Нұрлан Ноғаевтың жоспары қандай екен?

Еске салайық, бүгінде энергеткиа министрлігінің бұрынғы орынбасарлары қазына қаржысын жымқырды деген күдікке ілініп, істі болып жатыр. Жаңа министрге бұл жұмыстың оңайға түспесі анық.  Ал  журналистермен қоян-қолтық жұмыс істеп, сұрақтан қашпайтынын айтып сендірді.

Айта кетелік, биліктегі ауыс-түйіс барысында өз орнын Мәулен Әшімбаевқа босатып берген президент әкімшілігі басшысының бұрынғы орынбасары  Дархан Қалетаев әзірге жұмыссыз отыр. Оның не себептен қызметтен кеткені белгісіз. Ал Ресей елшісі болған Иманғали Тасмағамбетов зейнет жасына келіп, қызметінен кетті. Сыртқы істер министрлігі бұл экс-елші Тасмағамбетовтің өз шешімі деп хабарлап отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.