Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бүгін БҚО-да "Мерейлі отбасы" байқауының жеңімпаздары анықталды

c 18:07, 15/06/2018 c 804

0:00 / 0:00

Байқауға өңіріміздің барлық аудандары мен Орал қаласынан 24 отбасы қатысқан болатын. Нәтижесінде бас жүлде Алмағамбетовтар отбасына табысталды, ал бірінші орын-Казталов ауданынан келген Ерекешовтар отбасына бұйырды.

"Отан отбасынан басталады"! Сондықтан ел болашағы болар-жас ұрпаққа берілер тәлім-тәрбиенің тал бесігі болар әр отбасыда ұлттық құндылықтардың сақталуы маңызды. "Мерейлі отбасы" байқауы 2013-жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.

"Мерейлі отбасы" байқауына Орал қаласынан қатысып, баптары мен бақтары қатар келескен, өнерлі, интернационалды Алмағамбетовтар отбасы байқаудың бас жүлдесін жеңіп алды. Қазақ тілін еркін меңгерген отанасы- М.Өтемісов атындағы БҚМУ-де ұстаздық қызметте еңбек етсе, отағасы-асыл тұқымды мал шаруашылығымен айналасады. Отбасы 2 ұл, 1 қыз тәрбиелеп отыр. Үлкен ұлдары спорттан шеберлігін шыңдап жүрсе, ал ортаншы ұлдары Мырзағұл Алмағамбетов өнер додалардың жеңімпазы. Және кішкентай қыздары өсіп келеді.

Байқауға облыс аудандары мен қала аумағынан 24 отбасы қатысып отыр. Осыған дейінгі байқауларда үздік атанған олардың ешқайсысы марапатсыз қалмады. "Мерейлі отбасы" республикалық байқауы 9-қыркүйекте Астана қаласында өтеді. Облыс намысын аталмыш додада Алмағамбетовтар отбасы қорғайтын болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.