Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бүгін БҚО-да "Көктем-2018" командалық штабтық оқу-жаттығуы өтті

c 20:23, 06/03/2018 c 781

0:00 / 0:00

Қолда бар техникалары мен жасақтарын сапқа түзген түрлі сала қызметкерлері жаңа алаң маңына жиылды. Жедел қызмет көрсетуші органдардың төтенше жағдайдың алдын алу және ауыздықтауға қаншалықты дайын екенін облыс әкімінің орынбасары Бағдат Азбаев келіп тексерді.

"Көктем-2018" оқу-жаттығуы қыс бітісімен түрлі жедел қызмет көрсетуші органдардың дайындығын пысықтау үшін өткізіледі. Бүгін желмен қарыған аязға ақарамастан жаңа алаңда көрме өткізілді. Төтеншеліктер мен өрт сөндірушілер және тәртіп сақшылары 200-ден астам техниканы сапқа түзді. Биылғы көктемді қарсы алуға сақадай саймыз деп мәлімдейді төтеншеліктер.

Қысты күні жол бойында қалып немесе түрлі жарақат алған жағдайда апат орталықтары мамандары дер кезінде сапалы көмек көрсетудің маңыздылығын жақсы біледі. Техника мен қажетті құрал-жабдықтарды тексеріген көрмеден соң оқу-жаттығу тәжірибелік жұмыспен жалғасты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.