Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«БУЧАДА БОЛҒАН ОҚИҒА-ҮЛКЕН ТРАГЕДИЯ»

c 19:02, 07/04/2022 c 428

0:00 / 0:00

Украинаның Буча қаласында болған оқиға - үлкен трагедия. Қазақстанның Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Украинадағы қақтығыстарға қатысты пікірі білдірді. Сондай-ақ, спикер Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа қастандық жасамақшы болған күдіктінің желіде тараған фотосына қатысты ойын айтты.

Әлемдік БАҚ-ғы ақпаратқа сәйкес, Украинаның Буча қаласынан Ресей әскери күштері кеткен соң қалада қаза тапқан бейбіт адамдардың мәйіті көшеде шашылып жатқаны жайында фото-видео тарады. Жұмысшылар мәйіттерді жинап жерлеген. Өлген адамдардың кейбірінің қолы байлаулы болған, кейбіреулерінің басына оқ тиген. Батыс пен Украина тергеушілері Бучадағы бұл қырғынды Ресей әскері жасағанын дәлелдемекші. Алайда, Ресей жағы бұл айыптауларды жалған деп, мойындамай отыр. Әлемдік сарапшылар Бучадағы оқиғаны әскери қылмыс деп отыр. Қазақстанның Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Бучада болған оқиға-үлкен трагедия дейді. Бұл жағдайда БҰҰ мен халықаралық ұйымдар комиссия құрып, тергеу жүргізуі керек деп санайды. Спикер Қазақстан Украинаның аумақтық тұтастығын құрметтейтінін атап өтті.

Сондай-ақ, сенатор ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа қастандық жасамақшы болған күдіктінің ұсталуына қатысты пікір білдірді. Өздеріңізге мәлім, сәуір айының басында ұлттық қауіпсіздік комитеті шетелдік барлау қызметінің агенті ұсталғанын хабарлаған болатын. Кейін әлеуметтік желіде күдіктінің фотосы да тарады. Ол журналист және мемлекеттік органдардың баспасөз қызметінде жұмыс істеген деген ақпарат шықты. Ресейлік БАҚ-да Қазақстан Президентіне қастандық жасамақшы болған күдіктіні Украинаның қауіпсіздік қызметі дайындаған деген де ақпарат тарап жатыр. Алайда, сенат төрағасы бұған Украинаның қатысы бар деген алып-қашпа әңгімеге сенбеуге шақырды.

Еске сала кетейік, ҰҚК елордада Мемлекет басшысына және бірқатар жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлерге қастандық жасауды жоспарлаған шетел барлау агенті А. есімді Қазақстан азаматын ұстағанын хабарлады. Ол террористік актілер жасауды жоспарлаған.Тінту барысында шетелде шығарылған дыбыс өшіргіші бар снайперлік винтовка, есірткі заттары және ірі ақша сомасы тәркіленді. Сондай-ақ, күдікті әлеуметтік желілерде Ресейге қарсы үндеуді насихаттау тапсырмаларын орындаған. Алдын ала тергеу барысында күдікті шетел мемлекетінің тапсырмасы мүддесінде әрекет еткенін мойындады деп хабарлайды ҰКК. Қазір қылмысқа дайындалу және терроризм актісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.