Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бөкейордадағы жұмыссыздық

c 17:54, 24/07/2018 c 880

0:00 / 0:00

Бөкейорда ауданында жұмыссыздық деңгейі 5 пайызды құрап отыр. Биыл ауданда 345 адам жұмысқа орналасса, соның ішінде 199 адам тұрақты жұмысқа, 106 адам әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданыпты. Тұрғындарының орталықтандырылған сумен қамтылу деңгейі 77 пайызға жеткен. Сайхын ауылында ішкі жолды жөндеуге КПО б.в компаниясының қаражатын тарту көзделуде. Бүгін тілшілер алдында атқарылған жұмыстарды баяндаған аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов көпшілікті Бөкейорданың тыныс-тіршілігінен хабардар етті.

Бөкейорда ауданының биылғы бюджеті 4 млрд. 98 млн. 589 мың теңгені құрады. «Дипломмен-ауылға» бағдарламасы бойынша жұмыс істеуге келген 10 маманға 1 млн. 683 мың теңге көтерме жәрдемақы төленіпті. 6 маманға 21 млн. 645 мың теңге бюджеттік несие берілген. Ал ауыл шаруашылығы саласында жыл басынан экспортқа 96 тонна ірі қара малының еті шығарылыпты. Осылайша бұлд саладағы 2018 жылы өндірілген өнімдердің жалпы көлемі 1 млрд. 716 млн. теңгені құраған.

2017 жылы шаруа қожалықтарға 522 млн. 273 мың теңге субсидия берілсе, биыл 267 млн. 840 мың теңге көлемінде субсидия төленіпті. Ауданда жұмыссыздық деңгейі 5 % құрап отыр.

Биыл аудан көлемінде 69 қылмыс тіркеліпті. дегенмен өткен жылмен салыстырғанда құқықбұзушылық саны 11 пайызға азайды дейді аудан әкімі. Хан Ордасы ауылын республикалық автожолына қосатын 21 шақырым жолда келесі жылы жөнделеді деп күтілуде, бұл жолдың да ЖСҚ мен сараптамасы әзір. Биылғы жылы Сайқын ауылының 5,6 шақырым құрайтын ішкі асфальт жолдарын орташа жөндеуден КПО б.в. компаниясының қаржысына өткізу жоспарлануда.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.