Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО "Өңірлік коммуникациялар қызметі" 1 жылдық мерейтойын атап өтті

c 19:47, 29/06/2018 c 932

0:00 / 0:00

Аймақта аталмыш қызмет басталған уақыттан тығыз байланыста жүрген жұмыс жасап жүрген мамандар мен БАҚ өкілдері салтанатты шараның құрметті қонағы болып, алғыс хаттар табысталды.

2016 жылдың 1-қаңтарынан бастап өңірде жұмыс жасаған коммуникациялар қызметі БАҚ мен билік өкілдері арасында әр апта сайын кездесулер ұйымдастырып, ашық алаңда, тікелей эфирде тілшілердің көкейде жүрген сауалдарына жауап алуға мүмкіндік туғызды. Бүгінгі 1 жылдық мерейтойға арналған салтанаты шарада дастархан жәйіліп, бірлесе жұмыс жасаған мамандарға алғыс хаттар табысталды.

Өңірлік коммуникациялар қызметі мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге қатысуда үлкен рөл атқарды. Республиканың әр аймағында 15 өңірлік қызмет жұмыс жасаса, соның бірі-Орал қаласында қызмет етіп отыр.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мақсаты- мемлекеттік органдардың ақпараттық жұмыстарын кооперациялаудың тиімді тетіктерін құру, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен БАҚ арасындағы өзара іс-қимыл үшін жағдай жасау, бірыңғай алаң қалыптастыру болып табылады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.