Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО-ның медициналық колледжінде ҰОС-ның ардагері Алевтина Митрохинаға арналған ескерткіш тақта ашылды

c 00:00, 24/02/2015 c 686

0:00 / 0:00

Тағылымы мол шараға батыр анамыздың өзі және ардагер Хамза Сафин қатысып, студенттермен жүздесті. Салтанатты жиында жібек бауды қию рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен келіп қатысты. Ардагерлерді ардақтайық деген ұранмен медициналық колледжде өткен шара жас ұрпақтың санасында тарих тағылымын мәңгі сақтау үшін қолға алынып отыр дейді кездесудің өтуіне мұрындық болғандар. Медициналық коллдждегі шараға студенттер, мұражай қызметкелері және облыс әкімінің орынбасары қатысты. ҰОС-ның ардагері Алевтина Митрохина 17 жасында майдан даласына аттанып, 1942 жылы 62- әскердің жылжымалы госпиталі құрамында Сталинград фронтына тап болады. Ардагер дәрігер қақаған қыста өртенген қала ішінде адамның қаны судай ақты деп еске алады сол зұлмат заманды. Тағылымы мол шара барысында алефтина митрохинаға арналған ескерткіш тақта салтанатты түрде ашылды. Мәншүк Мәметова мұражайының қызметкерлері бұл бұрышқа өздерінде сақталған жәдігерлерді табыстады. Ал студенттер қауымы кездесуден алған әсерлерімен бөлісіп, тәжірибелі дәрігер алевтина митрохинаның ерлігі олар үшін үлгі боларын айтады. Соғыс жылдарында талай адамның жанына араша болған алефтина Митрохина әлі тың. әдемі қалпында. Ардагердің деніне саулық, қажымас қайрат, ұзақ өмір тілейміз.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.