Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО-да жұмысшыларға 56 млн. теңгеден астам жалақы төленбеген

c 20:21, 25/05/2018 c 792

0:00 / 0:00

Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте еңбек инспекцясы бойынша басқарма басшысы мәлімдеді. Сала мамандары өтелмеген жалақы борышын өндіріп алуға күш жұмсап отыр. Осындай 1 кәсіпорын үстінен қылмыстық іс те қозғалған.

Еңбек кодексі нормаларының бұзылуы орын алуына және еңбек заңнамасы бойынша түсінік беру мәселесіне байланысты жыл басынан 393 арыз-шағымдар мен өтініштер тіркелген. Тексеріс нәтижесінде 207 заң бұзушылық анықталыпты.

Еңбек саласындағы басты мәселе- жұмыс берушінің жалақыны уақытында немесе мүлдем төлемеуі. Облыста 6 кәсіпорын 159 жұмысшыға 56 млн. теңгеден астам жалақысын төлемепті.

-"Қолданылған кешенді шаралардың нәтижесінде жыл басынан 91 кәсіпорында 351 жұмысшының ала аламай жүрген 77 млн. 48 мың еңбек ақысы төленген. 2017-жылы жұмыс берушілердің азаматтарға төлемеген жалақы мөлшері 415 млн. 852 мың теңге болған еді",-дейді БҚО еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Азамат Айтуев.

Биыл өндірісте 18 жазатайым оқиға тіркеліп, салдарынан 18 адам зардап шегіпті. Ал құрылыс, сауда, ауыл шаруашылығы саласында еңбек шартын жасақтамаған 60 жұмыс беруші анықталыпты. Нәтижесінде 29 мың адам әлеуметтік төлемнен қағылған. Азаматтар еңбек шарты бұзылу жағдайына тап болған жағдайда 1411 тегін нөміріне хабарласуына болатын еске саламыз.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.