Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО-да полиция қызметкерлері тұрғын-үй жағдайларын жақсартқысы келеді

c 19:23, 16/03/2018 c 913

0:00 / 0:00

БҚО полиция қызметкерлері жалақыларын өсіріп, баспана жағдайларын жақсартқысы келеді. Бұл жөнінде ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметінің басшысы Манарбек Габдуллин мәлімдеді. Оның айтуынша, аймақта жыл санап криминогендік жағдай оңалып, қылмыстар саны қысқарып келеді.

Облыста қылмыс көрсеткіштері төмендегені аңғарылып отыр. Оны оңалта түсу үшін үй подъездерінде 3 мың жарым бейне камера орнату жоспарланған болса, қазір оның 800 қойылыпты. Тұрғындардың қоғам тыныштығын бұзуға бей-жәй қарамауы тәртіп сақшыларын қуантып отыр.

Бөрлі ауданында жедел қызмет көрсету басқармасының жатақханасымен бірге ғимараты қолданысқа берілмек. Осындай орталық облыс орталығында да салынады деп күтілуде. Сонымен қатар, мал ұрлаушылармен жазаны қатаңдату үшін шара қолданылуда.

Қоғам тыныштығын сақтауда заманауи құрал-жабдықтардың сайлануы аса маңызды. Осы мақсатқа қосымша қаржы қарастырылған. Аймақта ішкі істер органындағы сержанттық құрамның 60 пайызы баспана жағдайын жақсартуға мұқтаж. Алаңсыз жұмыс атқару үшін тәртіп сақшыларының әлеуметтік жағдайына көңіл бөлу мәселесі назардан тыс қалмауы керек дейді жергілікті полиция қызметінің бастығы.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.