Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО-да мемлекеттік қызметкерлер ант қабылдады

c 16:31, 20/06/2018 c 793

0:00 / 0:00

"Халқыма адал қызмет көрсетемін!" Бүгін мемлекеттік қызметке қабылданған жас қызметкерлер салтанатты түрде ант қабылдады. 23-маусым күні аталып өтілетін төл мереке қарсаңында ұйымдастырылған шарада мемлекеттік қызметкерлердің ар-абыройына нұқсан келтірмей, ел ертеңі үшін аянбай еңбек етуге үндеді.

Мемлекеттік қызмет-абрыройлы міндет. Салтанаты шара ҚР тұңғыш президенті атындағы жаңа алаңда өткізілді. Мемлекеттік қызмет сапына қадам басып жатырған сала қызметкерлері көпшіліктің алдында өз істерін мінсіз атқаруға ант берді. 23-маусымда өтетін мемлекеттік қызметкерлердің төл мерекесіне арналған шарада еліміздің әнұраны шырқалып, мемлекеттік қызметкерлердің мәртебесі айшықталды.

Биыл мерейлі жыл болғалы отыр. Сол себепті алғашқы рет аталмыш мереке ерекше форматта аталып өтіліп отыр. Мемлекеттік қызмет қашанда адал, мінсіз болуы тиіс. Себебі, елдің ертеңі білімі мен біліктілігі үйлескен мемлекеттік қызметкерлердің атқарған жұмыс сапасына байланысты. Олар билік пен қарапайым халық арасын жалғайтын алтын көпірге айналуы тиіс екенін ұмытпағаны жөн.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.