Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО - да қызғалдақтар мерекесі басталды

c 11:16, 26/04/2019 c 1215

0:00 / 0:00

БҚО Қызғалдақтар мерекесі басталды.БҚО Казталов ауданына қарасты Қайынды алқабы қызғалдақтың ордасы саналады.Дәл сол жерде биыл екінші жыл қатарынан қызғалдақтар фестивалі жүріп жатыр."Ұлы дала қызғалдағы" атты халықаралық этнофестивалге қатысушылар саны биыл көп.БҚО Казталов ауданының Қайынды алқабы.Бұл жерде осымен екінші жыл қатарынан қызғалдақтар мерекесі тойланады.Табиғат ананың ерекше сыйы гүлге деген құрметтен туындаған бұл мереке халықаралық дәреже алған.Бүгінгі шараға Атырау, Ақтаудан келген меймандардан бөлек Ресейдің көршілес обылыстарынан келген қонақтар бар.
Қазақстан қызғалдақтың отаны саналады.Елбасы, ҚР тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың"Ұлы даланың жеті қыры" тарихи мақаласында атап өткендей қазақ даласындағы әр тал мен шөптің өз тарихы бар.Оны күтіп - ұстау, әлемдік брендке айналдыру бүгінгі ұрпақтың басты мақсаты болу керек.Осы қызғалдақтар этно- мәдени шарасы да осы мақсатты көздейді.Күн жылынып, көктен күн күлімдегенде аз ғана уақытқа бүр жаратын дала еркесі қызғалдақтардың ғұмыры өте қысқа болады.БҚО Қайынды алқабында қызғалдақтың 12 түрі өседі дейді білетіндер.
Қызғалдақтар этно -фестивалі аясында далада, көк кілем үстінде неше түрлі шаралар өтіп жатты. Мың бұралған бишілер даланың көркін келістіріп, қызғалдақтай қыздар көкорайда майыса билеп жатты. Табиғат аясында бүлдірішіндер сурт салып, қызғалдақтың бейнесін қағазға түсіруге тырысты.
Қайынды алқабының тірлігі қызған. Қатар - қатар тігілген ақ қанат киіз үйлер көздің жауын алады. Адамдар бір бірін көріп , мәре- сәре.
Бұл даладан қазақтың төл жылқысын мініп, осқырынып жүргендер де , есек мініп серуендегендерді де көруге болады. Әр түрлі адам, әр түрлі көзқарас, даладағы мереке сонысымен қызықты .
Мерекелік шара барысында бір мезетте 300 адам би биледі. Қызғалдақтай қыздардың өнеріне сүйсінбеген адам қалмады.Этно- фестиваль аясында қазақтың домбырасының үні шықпаса сын болар еді, бірақ ондай олқылыққа орын берілмеді. 300 адам бір уақытта домбыраны күмбірлетіп,келушілерді тәнті етті.
Бұл кештің қонағы болған "Нұрлан мен Мұрат" тобыда бұл мерекенің өте қажет екендігін айтып жатты.Мұндай мереке алдағы уақытта да жалғасса деген тілектеріде бар.
Қызғалдақтар мерекесі аясында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды. Қол өнер шеберлерінің көрмесі де ұйымдастырылған.Кешкісін бұл жерде алау жанында бард әншілерінің кеші, сосын кәуап пісіруден жарыс өтеді. Жолдың қашықтығын елемей келген меймандар риза болып тарқасты әйтеуір.Даланың сұлу қызғалдағына Казтловтық ағайынның қонақжай пейілі үйлесім тауып, дала мен қала арасындағы бір әдемі байланыс орнағандай болды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.