Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО-да 207 дәрігер жетіспейді

c 20:39, 11/07/2018 c 1263

0:00 / 0:00

Бұл жөнінде денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді. Ауылдық жерлерде дәрігерлердің жетіспеушілігін "Дипломмен ауылға" бағдарламасы арқылы шешуде. Мәселен, Зеленов ауданында бұл бағыттағы жұмыс бір жолға қойылған. Дегенмен ауданның Янайкин, Көшім, Щапов, Үлкен шаған ауылдарында дәрігерлерге деген қажеттілік басым көрінеді.

Дәрігерлер - адам жанына шипа құйып жүрген абзал жандар. Осы мамандардың тапшылығы әр азаматтың дер кезінде ем қабылдауына теріс әсерін тигізері анық. Денсаулық сақтау министрі 2019 жылға дейін 1 дәрігер 1500 адамға қызмет көрсетуі тиіс деген тапсырма берген болатын. Бүгінде біздің аймақта 1 дәрігер 2000 адамды қабылдап отыр. Бұл мәселені шешу үшін өңірде 207 дәрігерге деген қажеттілік туындап отыр.

Соның ішінде ауылдық жерлерге 54 дәрігер қажет. Әсіресе акушер-гениколог, анестизиолг, жалпы тәжірибедегі дәрігерлер жетіспейтін көрінеді. Ал Зеленов ауданынының Янайкин, Үлкен шаған, Щапов, көшім ауылдарында дәрігерлердің тапшылығы анық байқалып отыр.

Зеленов аудандық ауруханасында былтыр екі бала дәрігері жұмысқа қабылданған. Оларға жалдық баспана беріліпті. Осылайша кадр тапшылығы мәселесі "Дипломмен ауылға" бағдарламасымен біртіндеп шешіліп келеді.

Бала дәрігерінің келуі-ата-аналардың да көңілдерін тыныштандырған. 2017-жылы аймаққа 86 маман келсе, оның 44-і ауылға аттанып, 19-ы әлеуметтік көмек алған. Биыл 100 медицина қызметкері келеді деп күтіліп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.