Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО-да 110 адам ішкі органдарын алмастыру отасына кезекте тұр

c 18:02, 06/06/2018 c 717

0:00 / 0:00

Бұл жөнінде денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Алайда біздің өңірде мұндай оталар жасалмайды және науқастарға өзіне сай келетін донар табылғанша ұзақ күтуге тура келеді. Ал осындай халдегі науқастың өмірін сақтауға үлес қосқан донордың бірі - Абзал Адилов Орал қаласында тұрады. Күллі Қазақ еліне осы ерлігімен танылған 26 жастағы азамат Шымкенттік бойжеткен Жәмила Байсерікованың қыл үстіндегі өмірін сақтап қалу үшін бүйрегін ұсынған болатын. Аталмыш жағдайдан соң Абзалдың өміріне үлкен өзгерістер орын алды.

Ішкі органдары жарамсыз болып, өз өмірлерін сақтап қалу үшін бүйрек, жүрек, бауырларын алмастыр отасына зәру болып отырған науқастар саны облыста артып отыр. Соның ішінде 100-ге жуығы бүйрек алмастыру отасын күтіп жүр. Донор табылғанша науқастар қымбат аппараттарда ем алады. Жақын-жуықтары арасынан сәйкес донор табылмаса, ұзақ уақыт гемодиализ орталығында ем алуға тура келеді.

Донор табу оңай емес. Осындай қиын жағдайда, екі бүйрегі бірдей істен шыққан Шымкенттік азаматша Жәмила Байсерікованың тағдыры жөнінде теледидардан көрген Оралдық жігіт аяқ асты бейтаныс жанды құтқарып қалу үшін донор болу туралы шешім қабылдайды. Абзал Адиловтың бұл ерлігі күллі елге белгілі болып, оны қолдағандар да, сынға алғандар да көп болды. Ал жігіттің бұл ерлігіне сүйсінген жандардың бірі-Әйгерім Исмаил Абзалды өмірлік жары ретінде таңдаған. Ғашықтар қазір тойға дайындық үстінде. Әйгерім Исмаил да Шымкенттің тумасы. Ол өзінің Абзалдай азаматқа жар боларын мақтан тұтады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.