Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БІЗДІҢ ҮЙЛЕР ЖЕР СІЛКІНІСІНЕ ТӨТЕП БЕРЕ АЛА МА?

c 09:25, 17/04/2023 c 125

0:00 / 0:00

Қазақстан салынып жатқан үйлер жер сілкінісіне төтеп бере ала ма? Құрылыс компаниялары сейсмологиялық талаптарды сақтай ма? Түркиядағы зілзаладан соң, қазақстандықтарды алаңдатқан сұрақ осы болды. Депутаттар да бұл сауалды шенеуніктерге қойып көріп еді, нақты жауап ала алмады. Комитет отырысында мәжіліс депутаттарының қарауына бизнесті жүргізуге қатысты бірқатар заңнамалық түзету ұсынылған болатын. Алайда, мәжілісмендер бұл заң жобасында нақтылық жоқ деп отыр. Заң шикі дейді.

Парламент елде бой көтерген, енді салынып жатқан ғимараттардың сейсмологиялық қауіпсіздігіне бақылауды күшейтуді талап етті. Депутат Бақытжан Базарбектің айтуынша, қазір елді алаңдатып отырған бұл сала мемлекеттің бақылауынсыз қалған. Себебі, қандайда бір ғимаратты қолдануға рұқсат беретін актіге мердігер, тапсырыс беруші, техникалық бақылау органы қол қояды. Бұл мемлекеттік заңдық тұлға емес. Егер олардың қалтасын қампитсаң, кез-келген актіге көзін жұмып қол қояды. Мәжілісмен Талдықорған, Алматы, Шымкент және Тараз қалаларының тұрғындары сейсмоқауіпті аймақта тұрып жатқанын айтады. Әр көпқабатты үйде мыңдаған адам тұрады. Сол себепті, өз ісіне адал емес құрылыс компанияларын қылмыстық жауапкершілікке тарту керек деп санайды депутат Базарбек. Алайда, ол ұлттық экономика вице-министрінен осы сауалдарына нақты жауап ала алмады.

Ал вице-министр болса, бұл заң жобасы бір салада бақылауды күшейтуге арналмаған деп отыр.

ТИМУР ЖАҚСЫЛЫҚОВ - ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ «Заңнамаларға түзетулер енгізу белгілі бір салада бақылауды күшейтуге арналмаған. Заң жобасы Кәсіпкерлерлік Кодекстегі бақылау процедураларын нақтылауды, мемлекеттік бақылауды анықтап алуға арналған.»

Түркия мен Сирияда орын алған зілзаладан соң, қазақстандықтар да өздері тұрып жатқан үйлерінің сейсмоқауіпсіздігіне алаңдаушылық танытып отыр. Алайда біз ойлағандай Алматы өңірі ғана емес, ел аумағының үштен біріне жуығы сейсмикалық қауіпті аймақ болып табылады. Сонымен қатар, соңғы уақытта мұнай мен басқа да пайдалы қазбаларды белсенді өндіруге байланысты бос орындардың пайда болуынан да техногендік жер сілкінісі жағдайлары жиілеп жатыр. Оған қоса, мегаполис қалаларда жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай зәулім ғимараттар көбейіп, жылдан-жылға биік үйлер көтеріп жатыр. Ғимараттардың сейсмикалық төзімділігін кім тексереді және сейсмикалық аймақтарда көпқабатты үйлерді салу кезінде қандай нормалар сақталуы керек? Бұл сұраққа нақты жауап жоқ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.