Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Біз - Жеңістің мұрагерлеріміз!

c 17:27, 03/02/2020 c 1090

0:00 / 0:00

Оралда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығының құрметіне «Біз - Жеңістің мұрагерлеріміз» акциясы бастау алды. Акция Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандық жауынгерлердің ұлы ерлігіне тағзым етіп, еске алу құрметіне бағытталады. Өскелең ұрпаққа тағылымы мол шара соғыс және тыл ардагерлеріне, сонымен қатар өңір жастарына тиесілі.  Таңмен аталмыш акцияға үн қосушылар  майдангерлер рухына тағзым ету рәсімін «Бауырластар» зиратынан бастады. Ауған соғысының ардагері Анатолий Боровский жиналғандарға Жеңістің пен бүгінгі бейбітшіліктің бағасы туралы айтты.Шара соңында жиналған жұртшылық Мәңгілік алаудың жанына гүл шоқтарын апарып, батырларды бір минут үнсіздікпен еске алды. «Біз - жеңістің мұрагерлеріміз!» акциясы аясында ескерткіштерге гүл шоқтарын қою рәсімі күн сайын 1-ақпаннан бастап 31 желтоқсанға дейін жалғаспақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.