Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Біз жеңіске тыл еңбеккерлерінің тілеуінің арқасында жеттік!

c 00:00, 03/03/2015 c 916

0:00 / 0:00

"Себебі олар жылы киім мен құнарлы тамақты бала-шағаның аузынан жырып, майданға жіберіп отырды",-дейді ҰОС-ның ардагері Иван Гапич. Мәскеу қаласындағы алғашқы жеңіс шеруіне қатысқан қарт жауынгер бүгінде 90-ды алқымдап қалған ақсақал. Кәмелет жасына толмай тұрып, ұрыс алаңына қалай араласқанын ардагер күрсіне еске алады. Алматы қаласына спорттық гимнастикадан жарысқа барған бозбала сол жерде соғыстың басталғанын естиді. Ел басына күн туғанда аяқ-қолы балғадай бала Гапич қол қусырып отырмай, елін қорғауға аттанбақ болады. Бірақ кәмелетке толмағандықтан оны ешкім майданға алмай қояды. Алайда жас жігітті майданға емес,, әскери байланыс мектебіне жібереді. Ол осы жерден оқып, Батыспен қарым қатынас орнатқан 375- радио девизионға аттанады. Одан әрі жаудың жерінде жүріп, Отан үшін от кешеді. Гапич Иван Степанович 1923 жылы 2 ақпанда Целиноград қаласында дүниеге келген. Соғыс жылдарында Польша, Чехословакия, Украйнаны жау қолынан азат етуге қатысқан. 1952 жылы Қарағанда облысының прокуратурасында жұмыс жасайды.1966-1986 жылдар аралығында БҚО прокурорының бірінші орынбасары қызметін атқарған. Батылдығы үшін, Қызыл жұлдыз, 3- дәрежелі даңқ ордендерінің иегері. Иван Гапич жеңіс мерекесіндегі шеруге қатысып, бейбіт күн үшін тәубе ету біз үшін үлкен бақыт дейді өз сөзінде. Біз ардагерге бұл бақытының сарқылмай, дені сау болып, арамызда ұзақ жүруінен тілейміз.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.