Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Біз біргеміз

c 16:21, 04/02/2020 c 787

0:00 / 0:00

Астанадан бастау алған «Біз біргеміз» челленджін батысқазақстандық жастар ұйымдары мен еңбек ұжымдары да қолдауда. Жуырда «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының облыстық филиалының қызметкерлері ұзақ жылдар жол саласында еңбек еткен зейнеткер Людмила Быкованың үйінде болып, өз көмектерін көрсетті. «Жарқын өмірге жарқыраған жолмен ғана жетуге болады», - деп білетін «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» осы салаға еңбегі сіңген жандарды ұмыт қалдырған емес. Өткен демалыс күні мекеме қызметкерлері зейнеткер Людмила Быкованың үйінде болып, ауланы қардан тазалап, өзге де үй шаруасына қол ұшын берді. «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» жас ұжым. «Облжоллаборатория» мекемесінің негізінде өткен жылы құрылған кәсіпорын жол сапасын бақылаумен айналысады. Сондай-ақ қыс мезгілінде жолдардың күтіп-ұсталуын да қадағалайды. Жыл басынан бері орталық мамандары республикалық жолдарға 17 мәрте шықса, құмды тұз қоспасының құрамын тексеру мақсатында 14 сынама алыпты. Анықталған кемшіліктер бойынша «Қазақавтодор» серіктестігіне 12 ұйғарым берген екен.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.