Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Биылғы жылы өңіріміз бойынша екі орман өрті тіркелген

c 17:51, 23/05/2018 c 920

0:00 / 0:00

Биылғы жылдың өзінде өңіріміз бойынша екі орман өрті тіркеліп үлгерді. Орман алқабында орын алған тілсіз жау мемлекетке 69 мың теңге көлемінде шығын келтіріпті. Сала мамандарының айтуынша,  өткен жылы орын алған 200-ден астам қызыл жалынның салдарынан 2 адам жан тапсырып, он азамат зардап шеккен. Сондай-ақ, 2017 жылы азаматтар жазғы мезгілде суға батып, қаза болғандардың саны 17-ге жеткен. Марқұм болған жандардың бесеуі кәмелет жасына толмаған жандар. Жазғы маусымда төтенше жағдай оқиғаларын болдырмау үшін қандай шаралар қолға алынғандығы тілші материалында.

Жаз мезгілі келген тұста, өзен жағалап, табиғат аясында демалатын жандардың қарасы көбейеді. Өткен жылы суға шомылып, бой жазам деп барған жандардың он жетісі өлім құшты. Төтеншеліктер жүргізген он жылдық санаққа көз жүгіртсек, суға батып кеткен жандардың саны 270-ті құрайды. Тілсіз жаудың құрбаны болған жандардың басым көпшілігі белгіленбеген жерде суға шомылып, ажал тырнағына іліккен. Аталмыш олқылықты жою үшін биылғы жылдың ақпанында облыс әкімінің бұйрығына сәйкес, 69 жағалау жабдықталуы тиіс. Сондай-ақ, суға түсу маусымы басталғанша, жағалаулар мен балалар лагері орналасқан орындарда су асты тексерілуі тиіс.

Ауа-райы температурасы жоғарылаған сайын, өрттен келетін қауіп басым. Өткен жылы облыс бойынша 200-ден астам өрт оқиғасы тіркелген. Әсіресе, тілсіз жау өңіріміздің 216 мың гектар жерді алып жатқан ормандарына қауіпті.

Сала мамандары демалыстарын көңілді өткізгісі келетін жандар орманда тазалықты сақтамай, күл қоқыс шашып кетеді. Бұл өз кезегінде, өрттің орын алуына әкеп соғады, -дейді.

Табиғат сақшылары орман мен өзен жағалауларындағы қоқысты тазарту үшін арнайы сенбіліктер ұйымдастырып, 800 тоннаға жуық қатты тұрмыстық қалдықтарды тазалапты.

Сала мамандары өңірімізде қызыл жалынды ауыздықтау мақсатында қажетті құрал саймандар жабдықтап, орман алқаптарында тілсіз жау орын алмау үшін рейд жұмыстарын бастап кетіпті.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.