Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Биыл елу аялдама орнатылмақ

c 18:25, 31/03/2022 c 535

0:00 / 0:00

Биыл Орал қаласында жаңадан 50 аялдама павильоны салынбақ. Тұрғын үй коммуналдық қызметінің мамандары әзірге отыз аялдама салу үшін бюджеттен 75 млн теңге көлемінде қаражат сұратып отырғанын айтады. Яғни әрбір аялдама үшін 2,5 млн теңге бөлінбек. Алайда бірнеше жыл бұрын орнатылған павильондардың сапасы сын көтермейді.

Аялдамада тұрған қала тұрғындарын сөзге тарттық. Оралдықтардың пікірі мынандай.

Сала мамандары өткен жылы аялдаманы қасақана бұзудың 4 дерегі тіркелгенін айтады. Екі павильон жол көлік апатынан зардап шегіпті. Қалған қабырғасын сындырып, әйнегін шаққандардың кімдер екені анықталмаған. Биыл қала көшелеріне жаңа 50 ашық аялдама орнату жоспарланып отыр. Мамандар бюджеттен 30 аялдаманы салу үшін 75 млн теңгенің қажет екенін айтады. Өткен жылы облыс орталығында құны 10 млн теңге болатын жылы аялдама орнатылғаны белгілі.

Осыдан бірнеше жыл бұрын құзырлы мекемелер ашық аялдамаларды аликобоннан жасаймыз деп шешім қабылдады. Оларды жаңа орнатылған павильондардан көре аласыз. Алайда екі жыл өтпей жатып, жаңа деп орнатылған аялдаманы мамандар қайтадан жөндетіп жатады. Былтырдың өзінде бірнеше аялдама жөндеуден өтті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.