Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Биыл БҚО-да 10 жаңа жобаға қолдау көрсету жоспарланып отыр

c 17:40, 03/04/2018 c 785

0:00 / 0:00

Оның 6-уы индустрияландыру картасы аясында жүзеге асады деп күтілуде. Маңызды жобаның бірі - ауыл шаруашылығы қалдықтарын өңдеу цехы. Бұл жөнінде бүгін аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім болды. Бақ өкілдері алдында кәсіпкерлік және индустриялдық-инновациялық даму басқармасының басшысы Арман Жалмағамбетов атап өтті.

Брифингте кәсіпкерлік саласында атқарылған жұмысты қортындылаған кәсіпкерлік және индустриялдық-инновацилық даму басқармасының басшысы биылғы жылдың жоспарымен бөлісті. БҚО-да өнеркәсіп саласы азық-түлік және машина құрылысы болып екіге бөлінеді.

Осы жылы облыста 10 жаңа жобаға қолдау көрсету жоспарланып отыр. Оның 6-уы индустрияландыру картасы аясында жүзеге асады деп күтілуде. Маңызды жобаның бірі - ауыл шаруашылығы қалдықтарын өңдеу цехы Кублей кәсіпорнында сәуір-мамыр айында іске қосылады деп күтілуде.

Мемлекеттен инновациялық жобаларға бөлінетін қайтарымсыз гранттар бойынша бөлінетін қаражаттың игерілуі тексеріледі. Мұндай қолдауды көрсетудегі мақсат қоғам үшін пайдасы бар жаңашыл жоба иегерлерін ынталандыру, демеу болып табылады.

Аймақтағы жалпы экспорт көлемі былтыр 2016 жылмен салыстырғанда 20 пайызға артып, 182, 2 млн АҚШ долларын құраған. Осы жылдың ортасында "Конденсат" АҚ дизельді отынды К5 класына дейін тазарту жүйесін орнатуды жоспарлап отыр. Бірнеше жоба Ирандық серіктестермен бірлесе іске асырылады. Өңірдегі ірі өндіріс ошақтарында әзірге жұмысшыларды қысқарту мәселесі қаралып жатырған жоқ, - дейді басқарма басшысы.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.