Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БІР АПТАДА ҮШ МЫҢ ҚЫЛМЫС

c 09:47, 14/12/2021 c 1691

0:00 / 0:00

Бір апта ішінде 3211 қылмыс жасалды. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, осы қылмыстардың 2212-і тәулік ішінде ашылған. Кісі өлтіру, қарақшылық, тонау және есірткі тарату қылмысы өршіп тұр. Сондай-ақ,заңсыз киік аулау қылмысы да тыйылар емес. Қазір елде «Ақбөкен» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Операцияның 10 күнінде 124 экологиялық заң бұзушылық анықталды.

Соның 109-ы - заңсыз аң аулау, 21-і - мүйіздерді заңсыз сатып алу немесе өткізу, киіктердің өнімдерін тасымалдау болып отыр.

Елде бір апта ішінде 3 мыңнан аса қылмыс тіркелген. Полиция соның 2 мыңнан астамын бір тәуілікте аштық деп отыр. Кісі өлтіру, қарақшылық, тонау және есірткі тарату қылмысы өршіп тұр. Әрине бұл ішкі істер министрлігі ұсынған ресми дерек. Өкінішке орай, тіркелем йжатқан қылмыстардар жоқ емес. Ұрлық-қарлық көп жағдайда жоқшылықтың салдарынан да орын алып жатады. Тез ақша табудың жолын іздегендердің ішінде есірткі тасымалдау қылмысына ұрынатындар да бар.

БАҒЛАНБЕК АЙТПАЕВ – ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ «Жалпы жедел құқықтық тәртіп шарасын өткізу барысында тиым салынған заттарды ұстаған 774 адам қолға түсті. 175-і есірткі заттарын қолданғандар. 44 келі есірткі тәркіленді. 134 суық қару-жарақ, 411 аңшылық қару ұстағандар анықталды. Нұр-Сұлтанда 37 келі гашишпен ұсталды».

Сондай-ақ, дала киесі киіктерді атуға қанша тиым салынып, ол үшін қылмыстық жауапқа тарту күшейтілсе де қылмыс азаяр емес. Қазір елде «Ақбөкен» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, асы айдың 10 күнінде 124 экологиялық заң бұзушылық анықталды. Оның ішінде 109-ы - заңсыз аң аулау, 21-і - мүйіздерді заңсыз сатып алу немесе өткізу, киіктердің өнімдерін тасымалдау, 7-еуі аңшылық қаруды қолдану және тасымалдау ережелерін бұзу бойынша тіркелді. 112 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.