Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Білім ұйымдары басшыларының форумы өтті

c 18:54, 14/03/2018 c 908

0:00 / 0:00

"Жайықтың жасөспірімдері. Жайық. Жаңғыру." Осындай тақырыпта бүгін Орал қаласы білім ұйымдары басшыларының 4-ші қалалық форумы өтті. Ерекше форматта ұйымдастырылған шараның басты мақсаты-өскелең ұрпақты патриоттық рухқа, адамгершілікке тәрбиелеу. Форумға 300-ге тарта адам қатысты.

Форум жұмысы балалар қолымен жасалған сәндік қолданбалы өнер мен сурет туындылары қойылған көрмемен басталды. Бұл көрмедегі кез-келген туындыны сатып алуға болады. Түскен қаражат көмекке зәру балаларға қайырымдылық көрсету үшін жұмсалады.

Форумда баяндама оқылмайды, сахнада еркін сөз сөйленеді. Шара алғашқы рет "Болашаққа бағдар"- "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Жайықтың жасөспірімдері. Жалын. Жаңғыру" тақырыбы бойынша білім ұйымдары басшылары арасында ерекше еркін форматта өтіп отыр.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.