Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БИЛІК ПАРТИЯСЫ АТАУЫН АУЫСТЫРДЫ

c 10:26, 02/03/2022 c 524

0:00 / 0:00

Билік партиясы «NurOtan» деген атаудан бас тартып, оны «Аманат» деп ауыстырды. Бұл шешім партияның бүгінгі өткен кезектен тыс съезінде қабылданды. Съезд барысында Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов партияның атын "Аманат" деп өзгертуді ұсынған болатын. Спикер «елмен бірге партия жаңаруы керек, ұйымның қызметін жаңа мазмұнмен толықтыру үшін оның сипаты мен атауын өзгерту қажет»- деді. Қошановтың ұсынысын партияластары бірден қолдады. Сондай-ақ съезге қатысқан партия көшбасшысы, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурызда жаңа Қазақстанның даму жолындағы реформалар жайында мәлімдейтінін айтты. Билік партиясындағы өзгерістер мен ауыс-түйістер жайында толығырақ Әселім Қалкен баяндайды.

Жаңа Қазақстанды құрамыз деп отырған билік, ең алдымен партияның атын жаңартып алды. Енді «Nur Otan» партиясы деген атау келмеске кетті. Осылайша осы партияны құрған Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен байланысқан нұрланған партия енді амантқа қиянат жасамайтын партия болмақ. Билік партиясының бүгінгі кезектен тыс съезінде Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов НұрОтанды Аманатқа ауыстыруды ұсынды. Партияластары бірауыздан қолдай кетті. Спикер өңірдегі халықпен кездесуден соң осындай шешімге келдік деп отыр.

Алдын-ала дайындап қойғаны көрініп тұр, партияның жауапты хатшысы Асхат Оралов жаңа логотипін жариялады. Одан әрі бұрынғы нұротандықтар, қазіргі аманатты арқалағандар партия саяси кеңес құрамынан экс-мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулинді және тергеуге іліккен Павлодар мұнай-химия зауытының басшысы Оспанбек Әлсейітов шығарып тастады. Ал олардың орнына үкімет басшысы Әлихан Смайылов пен президент әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу кірді. Съезд барысында мемлекет 16 наурызда Қазақстан халқына арналған Жолдауында жаңа реформалар бағдарламасын таныстыратынын айтты. Бұл Жаңа Қазақстанды құрудағы реформалар болмақ.

Сондай-ақ, партия көшбасшысы, Пезидент Қасым-Жомарт Тоқаев партияластарына ескерту жасады. Енді бұрынғыдай популизмге беріліп, қолдан келмейтін уәдені жаудыртпаңдар деді. Атауы жаңарып отырған партияның заты да жаңармақ.

Сондай-ақ, көпке созбай аудан әкімдерінің сайлауын өткізуді айтты. Ал зейнет жасынан асса да мемлекеттік қызметтегі жылы орнын жастарға қимай отыратындарға қатысты жас және қабілетті кадрларға жол бермейміз, бұл біздің үлкен кемшілігіміз деді партия жетекшісі.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.