Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Белгілі психотерапевт - Оралда!

c 18:03, 16/04/2018 c 1144

0:00 / 0:00

Гипноз және эниомедицинаның халықаралық академиясының президенті, педагогикалық және медициналық ғылымдардың докторы, академик, Достық орденінің кавалері - Ольга Мигунова Орал шаһарына табан тіреді. Белгілі психотерапевт дәрігер тұрғындарды қабылдап, диагностикалық емдеу сеанстарын өткізетін болады. Қала тұрғындарын психотерапевт - Ольга Мигунова адам ағзасының қорғаныш қызметін жандандыруға бағытталған психологиялық көмек көрсетуге шақырады. Гипноз арқылы адамды түрлі дерттерден айықтырып, психология саласын жетік меңгерген Мигунованы өңір тұрғындары жыл сайын асыға күтеді. Білікті маман адамды шаршау мен жоғарғы жүйке қозғыштығынан, қорқыныш сезімі мен стресстің салдарынан арылтуға көмектесетіндігін айтады.

Ольга Мигунова
Психотерапевт
сәуірдің 17сінен 19ына дейін, сағат 13/00ден 19/00ге дейін Зенит мәдениет үйінде тұрғындарға диагностика және кеңес беру қызметтерін көрсетіп, ем-шараларды қолданамын. Яғни емдеу шаралары: қант диабеті, остеохондроз, асқазан-ішек аурулары, балалар арасындағы ұйқысыздық, кекештену секілді дерттерден, фибриома, миома, мастопатия секілді гинекологиялық аурулардан, сонымен қатар бедеуліктен емдеуге көмектесемін. Сонымен қатар псориаз, дерматит, псориаз, аллергия, вителига секілді тері ауруларына қарсы ем-дом жүргіземін. Ерлер денсаулығына қатысты дерттерден емдеймін.

Диагностика шараларынан кейін емдеу сеанстары өткізіледі. Ольга Мигунова өзінің емдеу әдістерімен әлемнің түрлі елдерінің мыңдаған азаматтарына қол ұшын бергендігін айтуда. Өзінің айтуынша, оған басты дәлел - тарту етілген алғыс хаттар мен мамандардың жағымды пікірлері

Автор:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.