Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«БАСПАНА ҚЫМБАТТАМАЙДЫ»

c 09:35, 30/09/2021 c 1367

0:00 / 0:00

Қазақстанда баспана-басты мәселеге айналған. Биыл тұрғын үйдің құны шарықтап, 15 пайызға қымбаттады. Оған үш негізгі фактор әсер етті дейді индустрия вице-министрі Марат Қарабаев. Біріншіден, пандемия кезіндегі тоқтаулардың кейінге қалған сұранысы қосылды. Екіншіден, пандемияға байланысты логистикалық проблемалар болды. Құрылыс материалдарының шетелден тасымалы кешеуілдеді. Үшіншіден, ең үлкен фактор зейнетақы қорынан бөлінген қаржы болды. Осы уақытқа дейін 1,5 трлн теңгеге тұрғын үй сатып алынды.  Аталмыш үш фактордың себебінен тұрын үй бағасы 13-15 пайыз көтерілді дейді ол. Ал қазақстандық құрылыс компаниялары болса, келер жылы баспана тағы 20-30 пайызға қымбаттайды деп мәлімдеп отыр. Алайда, вице-министр бағаның шарықтауына негіз жоқ деп сендіреді.

Пандемия кезіндегі қымбатшылық тұрғын үйге де әсер етті.  Биыл елде баспана бағасы шарықтап шыға келді. Шенеуніктер оған үш фактор себеп болды дейді.  Индустрия вице-министрі Марат Қарабаевтың айтуынша, біріншіден пандемия кезіндегі тоқтаулардың кейінге қалған сұранысы қосылды. Екіншіден, пандемияға байланысты логистикалық проблемалар орын алды. Соның салдарынан құрылыс материалдары шетелден кешігіп жетті. Ал үшіншіден, қазақстандықтарға  зейнетақы қорынан жинағының бір бөлігін алуға рұқсат берілді. Халық жаппай қордағы қаражатына үй сатып алды.  1,5 трлн теңгеге тұрғын үй сатып алынған. Осының салдарынан тұрын үй бағасы 15 пайыз көтерілді дейді ол. Ал құрылыс компаниялары  алдағы жылы баспана құны тағы да 20-30 пайызға қымбаттайды деп мәлімдеп отыр. Алайда, вице-министр үй бағасының өсуіне негіз жоқ дейді.

Ал құрылыс материалдарына келетін болсақ, отандық өнім көлемі артып келеді. Қарабаевтың айтуынша, былтыр елімізде 15,5 млн шаршы метр баспана салынса, биыл 17,5 млн шаршы метр салынып жатыр. Құрылыс көлемі 2,5 млн шаршы метрге артқандықтан, құрылыс материалына деген сұраныс артты. Осының салдарына баға өсіп жатыр. Дегенмен, ортадағы сатушылар өсіріп отыр дейді ол. Енді үкімет импортпен келіп жатқан құрылыс материалдарын да ел ішінде өндіруді көздеп отыр.

Осылайша алдағы 4 жылдың ішінде тұрғын үй салуға қажетті материалдың бәрі Қазақстанда өндірілетін болады деп сендірді шенеунік.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.