Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БАНКТЕР ҰЛТТЫҚ ҚОРДЫҢ ҚАРЫЗЫН ҚАЙТАРДЫ МА?

c 09:25, 16/05/2023 c 114

0:00 / 0:00

Еліміздегі «Жусан банк», «Халық банк», «Евразиялық банк», Банк «Центркредит», «Нұрбанк» және «РБК банкі» Ұлттық қордың қарызын қайтарды ма? Парламент Мәжілісінің депутаты Ермұрат Бәпи Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов пен Қаржы нарығын реттеу және бақылау агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова депутаттық сауал жолдады. Сауалы «Халық банкінің» 2022 жылға дивиденттер төлеуіне қатысты болды. Толығырақ тілші тарқатады

Депутат Ермұрат Бәпи болашақтың ырзығы, сары майдай сақтаймыз деп құрылған Ұлттық қордың қаржысын пайдаланған екінші деңгейлі банктердің мәселесін қозғады. 2017 – 2021 жылдары экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей нұсқауымен Үкімет республика банкі секторына орасан зор қаржылық көмек көрсетті. Банктерді «сауықтыру» операциясы жүргізілгенді.мәжілісменнің айтуынша, сол кезде триллион теңгемен өлшенетін бұл «сауықтыру» көмегі болашақ ұрпаққа деп белгіленген Ұлттық қордың есебінен берілді. Оның қызығын «Жусан банкпен» біріккен АТФ-Банк пен «Цесна банк», «Халық банк», «Евразиялық банк», Банк «Центркредит», «Нұрбанк» және «РБК банкі» көрді.
Депутаттың айтуынша, Ұлттық қордан миллиардтаған доллар көмек алған банктер халықтың қарызын қайтармай тұрып, неге дивиденд төлейді? Мәселен, алдағы маусым айында

«Халық банкі» өз акционерлеріне дивиденд ретінде жарты миллиард долларға жуық ақша төлемек. Ал осы девиденті алатын акционерлер экс-перзидент Назарбаевтың қызы мен күйеубаласы дейді мәжілісмен.

Сондай-ақ, Ермұрат Бәпи Ұлттық банк пен қаржы нарығын реттеу агентігіне жолдаған сауалында «Халық банк» және халықтың есебінен көмек алған басқа банктердің Ұлттық қордың алдындағы қарызын халыққа қайтармай тұрып, дивиденд төлеу практикасын түсіндіруді, өткен алты жылда және қай жылдары қай банк, оның ішінде «Халық банкі» бар, Ұлттық қордың қанша қарызын қайтарғаны туралы толық ақпарат беруді талап етті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.