Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бала құқығы басты назарда! Жаз кезінде нәпақа табамын десеңіз...

c 15:56, 11/06/2018 c 559

Облыс орталығында жазғы мезгілде бала еңбегінің қорғалу мақсатында арнайы білім беру саласының қызметкерлері, еңбек инспекциясы мен құқық қорғау саласының мамандарымен бірлескен рейд шарасын ұйымдастырды. Жазғы каникул кезінде еңбек етіп, ата-анасына қолғабыс қылғысы келетін балалардың ойы құптарлық. Алайда, осы тұста, жұмыс берушілер мен жас жұмысшының арасында еңбек келісім шарты болуы тиіс. Осы дағды жиі естен шығып, бала еңбегі заңды түрде қорғалмай жатады. Еліміздің заңнамасында айтылғандай, егер жұмыс беруші 14-16 жастағы баланы жұмысқа қабылдаса, бірінші кезекте ата-анасының қағазға түсірілген рұқсатын алуы тиіс. Сондай-ақ, балалар аптасына 24 сағаттан аспайтын еңбек ету керек. Егер, жас жұмысшының жасы 16-дан бастап, 18-жасқа дейін болса да ата-анасының рұқсаты керек. Ол жастағы балалар аптасына 36 сағат қызмет жасауы тиіс. Сондай-ақ, кәмелет жасына толмаған балалар, темекі, арақ-шарап саудасында және денсаулығына зиянын тигізетін қызмет жасауына болмайды. Былтырғы жылы осында рейдтің нәтижесінде кәмелет жасына толмаған баланы жұмысқа алған бір кәсіпкер заңда көрсетілмеген талаптарды аяққа басып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.