Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бала еңбегі

c 16:55, 04/06/2020 c 640

0:00 / 0:00

Жаз мезгілі басталған кезде, барлық мектеп оқушылары мен колледж студенттері сабақтарын тәмамдап, жазғы каникулға шығады. Кәмелет жасына толмаған балалар ата-анасына көмектесу үшін түрлі жұмысқа тұрып, нәпақа табуға атсалысатыны бар. Бір жағынан баланың жастайынан еңбекке араласуы құптарлық іс. Бірақ заң талаптары бойынша олар тек 14 жасқа толғанда ғана ата-анасының рұқсатымен жұмыс жасай алады. Жасөспірімдердің еңбегін қанауға тосқауыл болу үшін ювеналды полиция, білім беру бөлімдерінің мамандары мен волонтерлер арнайы рейд шарасын ұйымдастырған еді.

Жылда жаз мезгілі жаңа туған шақта еліміздің барлық аумағында баланың еңбегін қанауға жол бермес үшін арнайы 12 күндік науқан ұйымдастырылады. Биыл науқандық рейд барысында жасөспірімдер жұмыс жасауы мүмкін деген 45 нысан тексеріліпті. Нәтижесінде кәмелет жасына толмаған балаларды жұмысқа қабылдау бойынша 16 заң бұзушылық анықталған.

Заңнама талаптары бойынша 14 жасқа толған балалар ата-аналарының рұқсатымен жұмысқа орналаса алады. Олардың күн сайынғы жұмыс уақыты 4 сағаттан аспауы керек. Жасөспірімдер аптасына 24 сағат қана жұмыс жасауы шарт.

Сондай-ақ, балалардың түнгі уақытта, шылым мен алкоголь өнімдерін саудалайтын нысандарда, олардың денсаулығы мен психологиялық саулығына кері әсерін тигізетін жұмыс орындарында еңбектенуіне тыйым салынған. Рейд барысында сала мамандары сауда нүктелерінің қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Еліміз бойынша балалардың еңбегін қанауын болдырмауды көздеген ұлттық науқан 12-ші маусымға дейін жалғасады.

Сурет ғаламтордан алынған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.