Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БАҚ өкілдері арасында спорттық сайыс өтті

c 16:56, 28/06/2021 c 453

0:00 / 0:00

Облыс орталығында бұқаралық ақпарат саласында бел жазбай қызмет етіп келе жатырған жандар арасында спорттық дода өтті. Аталмыш сайысқа өңірдегі барлық дерлік ақпарат құралдары өкілдері қатысты. Тілшілер, бейнеоператорлар, бейнеинженерлер доп қуып, волейбол ойнап, асық атып, спорттық додалар бойынша шеберліктерін сынға салды.

Облыс орталығында барлық БАҚ өкілдері қатысқан спорттық дода өтті. Аталмыш сайыста Ақжайық өңірінде бұқара халыққа шынайы ақпарат таратып жүрген барша журналистер, бейнеоператорлар мен бейнеинженерлер бақ сынады.

БАҚ өкілдері шағын футбол, волейбол, асық ату, дойбы мен шахматта кіл мықтыдан, кім мықтыны өзара анықтады. Командалық ойындар тартысты өтіп, жанкүйерлер қиқу салып, шаршы алаңда жеңіс үшін арпалысқан спортшыларға қолдау көрсетті. Әсіресе, аяқ допшылардың ойыны тартысты өтті.

Спорт додасында ТДК-42 телеарнасының командасы шағын футбол мен волейболдан қола жүлдені қанжығалады. Волейболдан "Жайық пресс" командасы бас жүлдені иеленсе, "Ақжайықтық" әріптестер күмістен алқа тақты. Шағын футболдан "Жайық пресс" екінші орын алса, ал "Ақжайық" телеарнасы бас жүлдеге ие болды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.