Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БАЙЛЫҚ САЛЫҒЫ

c 00:22, 20/09/2023 c 46

0:00 / 0:00

2025 жылдан бастап байлық салығы енгізіледі. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың айтуынша, жылжымайтын мүлікке және алкоголь акциздеріне салынатын салық өседі. Сондай-ақ, акциялар мен жылжымайтын мүліктен табыс тауып отырған бизнесмендерге салық салмағы түспек.

Қазір Қазақстанда әр азамат мемлекетке өз жалақысының 10 пайызын қосымша құн салығы ретінде аударып отырады. Бұл әлемдегі ең төменгі көрсеткіш. Мұндай салық әрине қазақстандықтардың 2 пайызын ғана құрайтын бай-бағландардың көңілінен шығып отыр. Forbes тізімінде отырған қалталы қазақстандық азаматтардың банкі бар, яхтасы мен ұшағы, мұнай саласындағы бизнесі тағы бар. Зәулім сарай соғып алған. Бір емес, ондаған жылдымайтны мүлігі бар. Тізе берсең шіріген байлар. Президент айтқандай Қазақстанның байлығы 162 адамның қолында. Ал сол байларға салынатын салық көлемі тым аз. Ұлттық экономика министрінің айтуынша, олигарх бір ұшағы үшін мемлекетке бар - жоғы 13 мың теңге ғана салық төлейді екен. Үкімет 2025 жылдан бастап жаңа Салық Кодексіне түзету енгізіп, байлыққа салынатын салықты шарықтатпақ. Олигархтар ішетін ішімдік түрі вискиге де салық өседі.

Сарапшылардың пікірінше, байлықтың буымен еш қамсыз өмір сүріп жатқандар қомақты салық төлеп көрмеген. Егер салық салмағы түссе, олар одан жалтарудың жолын табады. Жылжымайтын мүліктерін төменгі бағамен көрсетуі де мүмкін. Я болмаса мүлігін компанияға тіркеп қойып, салықты аз төлейді. Бірақ жаңа Салық кодексі мұндай қитұрқы әрекеттерге жол бермейді дейді шенеуніктер. Акциялар мен жылжымайтын мүліктен табыс тауып отырған бизнесмендерге ол мүлікке қатысы жоқ болса да, салық салмағы түседі. Сондай-ақ, Ұлттық экономика министрі бизнес үшін қосымша құн салығын 16 пайызға дейін көтеруді көздеп отыр. Бұл республикалық бюджетке жыл сайын 2,4 трлн теңге кіріс әкелуге мүмкіндік бермек. Алайда, құн салығы артса, елде бәрі қымбаттап шыға келмей ме деген сұрақ туындайды. Бас экономист қосымша құн салығының 12%-тен 16%-ке дейін ұлғаюының инфляцияға әсері шамалы дейді.

Сондай-ақ Қуантыров Қазақстандағы бизнеске салынатын қосымша құн салығы Ресеймен салыстырғанда төмен екенін айтты. Себебі бізде бәсекелестік Ресейге қарағанда төмен. Ресейдің экономикасы біздің экономикамен салыстырғанда сегіз есе үлкен. Әрине, олардан бәсекелестік бойынша қысым бар. Көрші елде қосымша құн салығы 20% құрайды. Бірақ Қазақстанға экспорт жасағанда соны қайтарып алады. Ал қазір азық-түлік дүкендерінде Ресейден әкелетін тауарлар түрлері қаптап тұр. Отандық экспорттаушыларға, импорттаушыларға бұл қысым болып жатыр Ал жалпы бағаға ондай үлкен әсер болмайды,- дейді министр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.