Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Байларға салынатын салық өседі

c 16:15, 11/05/2020 c 422

0:00 / 0:00

Елде қауіпті індет-коронавиурстың таралуына байланысты енгізілген Төтенше жағдай аяқталып, карантин жалғаса беретін  болды. Бұл жайында бүгін өткен мемлекеттік комиссияның отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. Осылайша, бүгіннен бастап Қазақстанда төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі комиссия Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссия болып қайта құрылды. Әлемде пандемияның ұзаққа созылуы  экономикалық дағдарысқа әкеп соғып отырғаны да мәлім. Ел Президенті өз сөзінде экономикалық дағдарыста халық қамын қамтитын қаржымыз бар деді. Басты жаңалық- енді қазақстандықтарға салынатын табыс салығы, табысына қарай белгіленетін болды. Ал бұған дейін айтылған зейнетақы қорындағы жинақты баспана алуға пайдалану мәселесін Тоқаев тағы көтерді. Президенттің жетекшілігімен өткен мемлекеттік комиссияның отырысы жайында Әселім Қалкен баяндайды.

Қазақстандықтар асыға күткен 11 мамыр да келіп жетті. Көпшілік төтенше жағдай аяқталса, карантиннен шығамыз деген үмітте болды. Алайда, бұл екеуі екі бөлек ұғым. Елде қауіпті індеттің таралуы 5 мыңнан адамнан асып жығылды. Бұл орайда билік төтенше жағдай аяқталғанымен, карантин жалғасатынын мәлімдеді.

Өз кезегінде Тоқаев үкіметкежаңа санитарлық ережелерді дайындап, енгізуді тапсырды. Шағын, орта, ірі компаниялар жаңа ережелерге сәйкес жұмыс істеуі керек. Мемлекеттік қызметкерлердің 50 пайызы қашықтықта жұмысын жалғасытра бермек. Ал жекеменшік ұйымдар өз жағдайына қарай шешеді.  Мектеп оқушыларын қашықтықта оқыту оқу жылы аяқталғанша жалғасатынын айтты.Қазақстандықтарға әлі де болса сақтанған жөн деді Президент. Себебі, COVID-19 инфекциясының таралуының екінші кезеңі басталып та кетуі де мүмкін.

Мұнай бағасы құлдырап, доллар шарықтап жатқанда екінші бүйірден кеп соққан коронавирус әлемдік экономикалық дағдарысты өршітіп отыр. Бұл орайда билік қазақстандықтардың өмірі мен денсаулығын сақтау, табысын арттыру,бизенсті қолдау, білім саласын дамытуды қолға алмақ. Азық-түлікпен қамтуда импорттан кетіп, отандық өнімді арттыру жоспары бар. Ал баспанамен қамтуда зейнетақы қорына жинағанымыздың бір бөлігін беру мәселесін Тоқаев қайта көтерді. Үкіметке жаңа жоба енгізіп, «Отбасы банкін» құруды жүктеді.

Тағы бір жаңалық-енді қалталы қазақстандықтарға салынатын табыс салығы артатын болады. Бұл әлеуметтік әділдік үшін қажет деді Президент. Кім қалай табыс тапса, солай салық төлейді.

Өз кезегінде еліміздің бас санитарлық дәрігері  елорда мен барлық қалаларда, облыстарда ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық, отбасылық шараларды өткізуге тиым салынатынын хабарлап отыр. Яғни қазақстандықтарға әзірге  той-томалақ, басқа да бас қосулардан бас тарта тұрған жөн.Діни нысандардың қызметіне шектеу қойылған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.