Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бағдар белгілері тапшы

c 15:49, 22/05/2018 c 941

0:00 / 0:00

Оралдағы Астана шағынауданының тұрғындары Әбілхайыр хан даңғылы бойында бағдаршамның жоқтығына шағымданады. Бұл - Әбілхайыр хан даңғылы мен Астана шағынауданының қиылысы. Тұрғындар бұл жерде жол қозғалысы жүктемесінің үнемі көп екенін айтады. Бұны тұрғындардың жіберген мына фотосуреттерінен де байқауға болады. Тіпті жуырда осы жолмен жүріп келе жатқан жүргізуші көлікке ие бола алмай, мотоциклішіні қағып кеткен. Өкінішке орай, жұртшылық мұндай оқиғаларға жиі куә болып тұратын көрінеді.

Қалалық әкімдік өкілдері бұл мәселеден хабардар. Аталған жол қиылысына бағдаршам орнату биылғы жоспарға енгізілген. Былтыр қала бойынша 13 бағдаршам орнатылған болатын.

Қалада осындай қиын бұрылыстар мәселесі өзекті. Шаһардағы қозғалысы көп 14 қиылысқа бағдаршам орнату қажет. Алайда, бұл қаражаттың бөлінуіне байланысты атқарылатын шаруа.

Тұрғындардың осындай бағдаршамдар мен жаяу жүргіншілер жолағына байланысты өтініш-ұсыныстары болса, қалалық әкімдіктің әлеуметтік желілердегі парақшаларына жібере алады.

Автор:
Оператор: Олег Писаренко

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.