Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Азық-түлік қымбаттады

c 10:09, 13/05/2021 c 572

0:00 / 0:00

Елде азық-түлік  қымбаттады. Сауда министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, жыл басынан азық-түлік өнімдерінің бағасы 4,8%-ға өсті. Қабылданып жатқан шараларға қарамастан баға шарықтап кетті.   Ең жоғарғы баға өсімі Атырау облысында, мұндағы өсім 6,8 пайызды құраған. Нұр-Сұлтан қаласында 6,3 пайызға, Шымкентте  5,6 пайызға өсті.

Азық-түлік  қымбаттады. Соның ішінде халықтың ең көп тұтынатын әлеуметтік маңыздылығы бар тамақ өнімдеріне баға күйіп тұр. Үкімет бағаның өсімін ұстай алмай отыр. Қазақстандықтардың тапқан-таянғаны күнделікті қант-шайынан аспай қалды.  Ет өнімдерінің, нанның да, сүттің де құны шарықтады. Сауда министрі жыл басынан бері азық-түлік құны 4,8 пайызға өсті деп отыр.

Азық-түліктің қымбаттауына импортпен келіп жатқан өнімдердің бағасы да әсер етуде.  Көп тұтынатын қант, қарақұмық жармасы, күнбағыс майының дүкен сөрелеріндегі бағасы күн сайны өсуде.

Өз кезегінде үкімет басы әкімдерге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру тапсырды.

Қазіргі жағдайда Үкімет үшін басым міндеттердің бірі –азық-түлік бағасын ұстап тұру. Әзірге бұл салада министрлер кабинеті мен әкімдердің атқарып жатқан жұмыстарынан нәтиже көрінбейді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.