Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Әжетхана әлегі

c 18:25, 12/02/2021 c 615

0:00 / 0:00

Абай даңғылы 89/1 мекенжайында орналасқан жатақхананың тұрғындары әжетханасыз қалып, қиналып отыр. 9 б- қабаттағы тұрғындар бір жұмадан бері төменгі қабаттағы көршілеріне сабылудан шаршаған. Өткен ғасырдың 83-ші жылы қолданысқа берілген жатақхананың жоғарғы қабатының тұрғындары суға да жарымай отыр. Кір-қолаңын жуу үшін тұрғындар тағы да көршілерінің мазасын алуға мәжбүр.

Осы жатақханада 25 жылдан бері тұратын тұрғынның сөзіне сенсек, судың болмауы мен әжетхана құбырларының бітеліп қалуы сынды проблемалар осыдан үш жыл бұрын басталған. Әжетхана бітеліп қалған кезде олар мамандарды шақыртып, тазалатып алады. Осы жолы да тұрғындар тазартумен мәселе шешіледі деп ойлаған. Бірақ сантехник мамандардың құбырды алмастырғаны кейін белгілі болыпты.

Тұрғындарды толғандырған мәселелерді жатақханаға қызмет көрсетуші "Шаңырақ" пәтер иелері кооперативіне жолдадық. ПИК төрайымы тұрғындарға тиесілі әжетхананы жөндеп бермейтінін кесіп айтты. Ол кооперативтің қызметіне кірмейді,-дейді.

Былтыр ПИК өкілдері жатақхананың подъездін ақтап-сырлаған көрінеді. Және жоғарғы қабатта тұратын тұрғындарға судың қысымы жеткілікті болмағандықтан арнайы сорғыш құрылғы да орнатып берген.

ПИК қызметкерлері жатақхана тұрғындарының 5 млн теңгеге жуық қарызы барын айтады. Араларында жылдап төлемейтін жандар көп. 300 бөлме болса, соның ай сайын 20-ға жуығы ғана коммуналдық төлемді төлеп отыр екен. Қазір бөлмелердің көбінде пәтерді уақытша жалдаушылар артқан,-дейді төрайым. Тоғызыншы қабаттың тұрғындарын мазалаған сұрақтарға келетін болсақ, өздері бірлесе ақша жинап, әжетхана мен қол жуатын жаңа кран орнатып, дәлізіне жөндеу жұмыстарын өздері жасайды. 9 пәтердің төртеуінде ғана меншік иесі тұрады. Қалғандарын жалға алушылар паналап отыр. Ай сайын жылжымайтын мүлігін жалға беріп отыратын жандар да баспана үшін жауап беретін болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.