Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Авто көлік нөмірлері жоқ!

c 09:57, 05/02/2015 c 613

0:00 / 0:00

Сондықтан әкімшілік полиция басқармасының маңына кезекке тұрып, сатып алған көлігімізді қаңтарып қоюға мәжбүрміз. Бұл Орал қаласындағы көлік жүргізушілерінің базынасы. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ақпарат беттерінде авто көліктерді рәсімдеудің тоқтатылғаны айтылған еді. Бұған әсер еткен көрші елден келетін көлік санының артуы ма? Жоқ, әлде басқа да қиындықтар бар ма? Жүргізушілер сатып алған көліктерін пайдалана алмай, бірнеше күн бойы сандалып жүргендерін айтады. Себебі мемлекеттік нөмірлер берілмей жатыр, темір тұлпарлар рәсімделмейді. Бұл жағдай қашанға дейін созылады деген азаматтар сарыла күтуден жалыққандарын айтып, шағымдануда.
2014 -жылдың аяғындағы темір тұлпарлардың қалың нөпірінен қызмет көрсететін мамандардың жұмысына үлкен салмақ түскені белгілі. Тіркеу-емтихан бөлімі алдында ұзақ-сонар кезек орын алып, шекарадағы көп көліктен кептеліс туындады. Ал, жаңа жылдан кейін Ресейден көлік сатып алып келетіндердің саны біраз азайған болатын. Яғни, рәсімдеу жұмысы да жеңілдей түсті. Бірақ, жоғары сұраныстан мемлекеттік белгілер таусылып, оның орнына алып келінуі тиіс нөмірлерді уақытылы жеткізуде кедергілер болып отыр екен. Бүгінен бастап облыс орталығында мемлекетік белгілерді тарату жұмысы қайта жанданыпты.
Былтырғы жылдың аяғында шаһарымызда күніне 300 авто көлік рәсімделсе, бүгінде мамандар күніне 180 көлік иесін қабылдап, қызмет көрсетіп отырғандарын мәлімдеп отыр. Айтуларынша, облысқа тиесілі нөмірдің табысталуынан енді бұл бағытта ешқандай қиындықтар болмауы тиіс.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.