Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ауылдасын атқан фермерге үкім шықты

c 20:39, 29/03/2018 c 701

0:00 / 0:00

Оралда өз ауылдасын атып өлтірген фермерге сот үкімі шықты. Қанды оқиға желтоқсан айында болған. Бүгінде 47 жасар Сырымбет Садықов өз қылмысын ішінара мойындап отыр. Ал жауыздықпен өлтірілген Кенжебаевтың кінәсі бар болғаны қараусыз тұрған қораны пайдаланғаны болыпты...

Сот материалдарына сүйенсек, желтоқсан айының басында 35 жасар Хамит Кенжебаев қараусыз бос тұрған сарайға мал қамаған. Кейіннен 47 жасар Сырымбет Садықов бұл қораның өзінікі екенін айтып, екеудің арасында кикілжің туыпты. Кейін сотталушы Кенжебаевті оңаша сөйлесуге шақырып, ауылдан шығып кеткен. Жағдайды пайдаланған Сырымбет Садықов 16шы колибрлі аңшылық қарумен Кенжебаевтің кеуде тұсынан атыпты.

Осылайша, Садықов 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушы жазасын қатаң тәртіпте өтемек. Ал Кенжебаевтың туған-туыстарының айтуынша, Садықов бір емес бірнеше қайтара оларға сес көрсетіп, бұл жанұядан тағы бір азаматты өлтіретінін айтып қорқытқан.

Айта кетелік, сот үкімімен айыпталушы жәбірленуші тарапқа 3 млн теңге көлемінде моральдік шығын төлемек. Сот шешімі өз күшіне енген жоқ.

Автор:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.