Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

АУЫЛДА МАМАН ТАПШЫ

c 20:11, 04/03/2022 c 461

0:00 / 0:00

Ауылды жерлерде маман тапшы. Сенатор Ләззат Сүлеймен бүгінде «Дипломмен ауылға» бағдарламасы жұмыс істемей тұрғанын айтып, сынады. Депутат жоғары оқу орындарының жас түлектеріне арналған «Дипломмен ауылға» бағдарламасының тартымдылығын арттыру үшін оны өзгертуді ұсынды. Ауылды жерлерге осы бағдарламамен барып жұмыс істеп жатқандар саны аз. Ал орналасқан мамандар білім саласына, денсаулық сақтау саласына тиесілі. Проблемалар да баршылық. Біріншіден, мәдениет, спорт, әлеуметтік, агроөнеркәсіп салаларына орналасқан мамандар саны өте аз, - дейді сенатор.
2009 жылы бастау алған «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен 85 мыңнан астам маман 14 миллиард теңге бір жолғы көтерме ақы алды. Ал 40 мыңнан астам маманға тұрғын үй сатып алу үшін 123,5 миллиард теңге бюджеттік кредит берілді. Алайда, бағдарлама аясында 13 жыл ішінде ауылға аттанған адамдардың саны аз дейді сенатор Сүлейменова.

Депутаттың айтуынша , ұлттық экономика министрлігі 2021 жылғы бағдарламаға бөлінген 20 миллиард теңгенің 1,8 милларды "игерілмеді" деп бюджетке қайтарған. Ал дәл сол кезде Батыс Қазақстан облысы бойынша 757 миллион теңге жетпей қалған.

Жастардың ауылға барып қызмет етіп, оның дамуына үлес қосу үшін қабылданған аталмыш бағдарлама тартымсыз болып отыр. Басты мәселе баспанамен қамту, жалақысы жақсы жұмыс тауып беру. Өкінішке орай үкімет пен әкмідік бұл мәселені жүзеге асыруда осалдық танытуда. Мемлекеттік бағдарламаларды ұрандатып қабылдап, қазынадан қыруар қаржы бөліп,к ейін ақсыз қалып жататын жәйіттер көп әрине. Депутаттар жас мамандарды ауылға баруға ынталандыру жұмысы жоқ дейді

Сенатор Үкіметтің қарауына бірқатар нақты шараларды ұсынды. Жас мамандарды жергілікті жерлерге жұмысқа жіберу енді моноқалалар да іске асуы керек дейді. Сондай-ақ экономикалық жағдайды ескеріп, жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстарына сәйкес, көтерме жәрдемақы және тұрғын үйге берілетін бюджеттік несие мөлшерлерін ұлғайтуды талап етті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.