Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

АСТАНА ХАЛҚЫНЫҢ САНЫ ӨСІП ЖАТЫР

c 13:59, 28/02 c 33

0:00 / 0:00

Астана күн санап өсіп жатыр. Жаңадан бой көтерген тұрғын үйлердің де саны едәуір артты. Қалада арнайы картамен жүрмесеңіз, қажетті мекен-жайды табу қиын. Астанаға көшіп келушілер саны да артты. Бүгінде елорда тұрғындарының саны 1 млн 400 мыңды құрайды. Бірақ әсем қала-Астана осынша халықты қабылдауға дайын болмай шықты. Елорда инфрақұрылымының барлық түрлеріне жүктеменің ұлғаюына, қаланың шет аймақтарының кеңеюіне, ыңғайлы көлік жүйесінің болмауына және әлеуметтік нысандар тапшылығына алып келетін бірқатар проблема бар деді премьер.

Соңғы 10 жылда Астана қаласының халқы 46 пайызға өсті. Ал 2035 жылға қарай 2,3 млн адамды құрайды деген болжам бар. Сондай-ақ, Астана агломерациясында 2 қалашық құрылады. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров мәлімдеді. Оның айтуынша, қала құрылысын дамытуға, әлеуметтік және инженерлік-көлік инфрақұрылымын жаңартуға, сондай-ақ экологиялық тұрақтылықты, қоғамдық қауіпсіздікті және төтенше жағдайлардың алдын алуды қамтамасыз етуге жалпы сомасы 1,13 трлн теңгеге 329 іс-шараны іске асыру көзделген. Жалпы ауданы 940 гектардан асатын 2 қалашық құру көзделіп отыр. Олардың аумағында шағын бизнес жүргізуге арналған үй-жайлары бар тұрғын үйлер салынатын болады. Шаһар басшысы Жеңіс Қасымбек қалаға келушілер санын шектеу үшін блокбекеттер қойылмайтынын айтты. Бұған дейін елорданың маслихат депутаты осындай ұсыныс жасаған еді. Қалаға жақын маңдағы елді-мекендерде халық санының күрт өсуі мен елордаға күнделікті келіп-кететін адамдардың легі агломерацияның негізгі проблемалары болып табылады.

Сондай-ақ, министрлер кабинеті ауылдағы медицинаны дамыту мәселесін де талқылаған еді. өкінішке орай, ауыл халқы үшін сапалы медицина қолжетімсіз. Ал әкімдер мен денсаулық сақтау министрлігі "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасын жүзеге асыру жұмыстарын тиімсіз жүргізіп отыр, бақылау жоқ деп сынады премьер.

Осылайша өз жұмысын тиімсіз атқаратын әкімдіктегілер мен құзырлы министрліктің бақылаусыз жұмысының салдарынан ауылдықтар медициналық қолдаудан құр қалып отыр. Ауылда салыну тиіс нысандардың құрылысы да басталмаған деді үкімет басшысы. Денсаулық сақтау министрлігі болса, оларды қаржыландыру үшін бюджеттік өтінімдерді беруге асығар емес. Ал әкімдіктер қаржыландыру мәселелерін шеше алмай отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.