Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Астана күні - басқаға да үлгі. Кешегі күні, күллі елдің және әлемнің аңсары мен назары Астанада болды

c 00:00, 07/07/2015 c 602

0:00 / 0:00

Аталған айтулы шараға, біздің аймақ халқы да бір адамдай атсалысып, Астана күні думанын дүбірлете тойлап, ойдағыдай атқарысты. Кешкілік жаңадан ашылған Қадыр Мәрза Әлі атындағы өнер орталығындағы анфи театрда, әуелеген ән мен күмбірлеген күй даусы естіліп, Астана туралы әндер айтылып, келген көрермендерді, жергілікті өнерпаздарымыз өз өнерлерімен көңілдендірді. Астана-біз үшін тек астана ғана емес, еліміздегі ұлы істерге де бастама! Парақтар болсақ бүткіл төрткүл дүние тарихын, әлем танитын Түркия, Үндістан, Бразилия сынды санаулы елдер ғана астанасын алмастырған, сол көшті дәл бүгінгі күні, яғни осыдан 17 жыл бұрын еліміз де батыл жалғастырды. Мысалы, Үндістен Бамбейден Делиге, Бразилия РиоДе Жанейродан Бразилияға, Түркия Стамбулдан Анкараға, ал біздің Қазақстан Астанасын ала көшкені Алатаудан Арқаға. Астана мерекесі - ел халқының берекесі, себебі Астананың сәулеті бүткіл еліміздің дәулеті. Кешегі Астана күніне арналған қаламыздағы айтулы шараға, шаһарымыздағы кәрі та бала да тайлы тұяғымен жиналып, жиылған жұртшылыққа өңір өнерпаздары ән-биден шашу шашып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Қазақ қашан да қуанышқа тілеулі ел! Біреулер мына қалада басына баспана сала алмай жүргенде, Арқадағы құба далаға, Есілдің қасына Астана салған Елбасының бұл ісі - ең ұлы жұмысы.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.