Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Әскерге шақыру науқаны жалғасуда

c 18:16, 29/09/2021 c 1529

Қыркүйектен бастап әскерге шақыру науқаны басталды. Әскер қатарына Орал қаласынан 200-дей азамат іріктеліп, Отан алдындағы борышын өтейді. Қазіргі таңда 18-ден бастап 27-і жас аралығындағы жігіттер медициналық тексерістен өтуде. Бірінші лекпен шекара шебін күзетін жауынгерлер әскерге аттанады.

Қыркүйектен бастап ер азаматтар үшін әскерге шақыру науқаны басталды. Әрбір кәмелет жасына толған ер адам Отан алдындағы борышын өтеуі керек,- дейді мамандар. Биыл күзгі әскерге шақыру науқаны кезінде 200 оралдық жауынгер атанбақ.

Медициналық тексерістен өтіп, әскерге барғысы келген жанның бірі 21 жасар Алдияр. Ол бала кезінен ұшқыш болуды армандапты. Азамат сол арманымды орындау үшін әскерге барғым келеді,-дейді.

Ер азаматтарды медициналық тексерістен өткізіп отырған дәрігерлер шақырылғандардың 15 пайызы денсаулығына байланысты әскерге жарамсыз болатынын айтады. Жыл сайын бұл көрсеткіш артып, не кемімейтін көрінеді. Болашақ жауынгерлердің көбінің көзі сыр беріп, алыстан көрмеушілік көп кездеседі екен. Және қан қысымы мазалайтын, салмағы артық, не керісінше жетіспейшілік азаматар да бар.

Дәрігер ер азаматтар Отан алдындағы борышын өтеуі үшін алдымен денсаулығы мықты болу керектігін айтады. Сондықтан жастарға бала кезден спортқа жақын болып, дұрыс тамақтану шарт.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.