Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Әскерде әлімжеттік  жасала ма?

c 17:45, 22/12/2020 c 764

0:00 / 0:00

Қазақстан әскерінде әлімжеттік жасала ма деген сауалға, онлайн брифингке шыққан қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев жауап берді. Министр ел әскерінде әлімжеттік көрсету деген мүлдем жоқ деп сендіреді. Дегенмен, Ермекбаев сарбаздар арасында келіспеушіліктер орын алып тұратынын айтты. Ал әскерилер арасында қауіпті індеттің таралуы көп тіркелген. Осы індеттен 10 әскери көз жұмған.

Пандемия барысында, коронавируспен күресте алдыңғы шепте жүргендердің бірі- қарулы күштер. Қазақстандықтар түгел қатаң карантинде отырғанда сарбаздар қауіпсіздік үшін жауап берді. Өкінішке орай, әскерилер арасында қауіпті індетті жұқтыру фактісі көп тіркелді.   Көп жағдайда әскерге шақырылған сарбаздар індет жұқтырды. Қорғаныс министрі пандемия басталғалы бері қарулы күштерде коронавирусты жұқтырған екі мыңнан астам адам тіркелді дейді. Қайтыс болғандар да бар.

Нұрлан Ермекбаев – ҚР қорғаныс министрі "10 әскери қайтыс болды. Бесеуі ковидтен, бесеуі ковид белгілері бар пневманиядан көз жұмды. Пандемия басталғалы бері қарулы күштерде осы инфекцияны екі мыңнан астам адам жұқтырды. Олардың ішінде, шамамен, 100 адам қазіргі кезде ем-дом алып жатыр. Бұлар әскерге шақырылғандар. Ал әскери қызметкерлер арасында жүздеген адам ауырды».

Ал елде әскер қатарына шақырылғандар арасында әлімжеттік көрсету бар ма? Себебі, талай өрімдей жас сарбаз бейбіт өмірде, әскерге кетіп көз жұмып жатыр. Әскерде жүріп, өз-өзіне қол жұмсау, белгісіз жағдайда  қайтыс болу деректері тәуелсіздік жылдары  тіркеліп отыр. Жалпы әскерде әлімжеттік көрсету деген кеңес дәуірінде қалыпты жағдайға айналғанды. Министр Ермекбаев, қазақ әскерінде мұндай келеңсіздік жоқ деп сендіреді.

Нұрлан Ермекбаев – ҚР қорғаныс министрі «Біздің әскерде кеңес дәуріндегідей әлімжеттік көрсету жоқ.Иә, 90 жылдары ондай жағдай орын алды. Қазір  әскери міндетін бір жыл атқарады. Әскерге бір кезеңде шақырылғандарда  жас айырмашылығы да бірдей. Қазір командирлер сарбаздардың қауіпсіздігін алдыңғы қатарға қойған. Әрине ер жігіттер болғасын араларында кикілжің, келіспеушіліктер туып жатады.Алайда,  әскерде әлімжеттік көрсету деген жоқ».

Дегенмен, қазақстандық жастар әскерге баруға құлшынып тұрған жоқ. Көбісі әскери билет үшін ақылы әскерге барып, 1-2 айдың ішінде  отан алдындағы міндетін атқарып келіп жатыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.