Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Алтын сапа

c 17:08, 11/12/2020 c 1148

0:00 / 0:00

Қазақстандық кәсіпкерлерге шетелдік өндірушілермен бәсекеге түсуі үшін,  өнім сапасын жақсарту керек. Бұл жайында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа» конкурсының жеңімпаздарын марапттау рәсімінде айтты. Тоқаевтың айтуынша,  индустрияландыру кезеңінде елімізде 1300-ден астам жаңа өндіріс  іске қосылды. Нәтижесінде бұрын өндірілмеген көптеген тауар шығарыла бастады. Сондай-ақ 200 мың жұмыс орны ашылды. Азаматтарымыз заман талабына сай жаңа кәсіптерді игеруде. Пандемия мен әлемдік экономикалық дағдарыс барысында  елде  өңдеу өнеркәсібіндегі өсім қарқыны 3,3% деңгейінде сақталып отыр. Биыл Индустрияландыру картасы аясында 20 мың жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз ететін 200-ден астам өндіріс іске қосылды. Соңғы бес жылда экономикадағы шағын және орта бизнестің үлесі 24-тен 32 пайызға артты. Биыл 15 компания кәсіпкерліктің әртүрлі номинация бойынша «Алтын сапа» конкурсында жеңімпаз атанды.

«Алтын Сапа» конкурсы жылдағы дәстүр бойынша карантинге қарамастан, онлайн режимде өтті. 15 компанияның жұмысы үздік деп танылып, тиісті марапаттарын алды. Бизнес өкілдерімен қашықта байланысқа шыққан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық өнім сапасын арттыруға басымдық жасауды айтты. Ал келесі жылдан бастап қазіргі талаптарды қайта қарау және «жаңадан реттеу» қағидатын енгізу жөніндегі заңнамалық нормалар біртіндеп қабылданатын болады деді. Сондай-ақ, мемлекеттің экономикаға араласу үлесін айтарлықтай азайту үшін квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға жарияланған мораторий тағы бір жыл жылға созылатын болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев – ҚР президенті « Бұл бизнесті «ақылды реттеудің» түбегейлі жаңа жүйесін қалыптастыра отырып, маңызды емес ережелер мен қайталанатын талаптарды алып тастауға мүмкіндік береді. Біз мемлекеттің экономикаға араласу үлесін айтарлықтай азайту үшін біртіндеп жағдай жасаймыз. Биыл квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға жарияланған мораторий аяқталады. Бұл бағыттағы мақсатқа әлі толық қол жеткізілген жоқ деп санаймын. Сондықтан менің Жарлығыммен аталған мораторий келесі жылдың аяғына дейін созылады. Мемлекет оңтайлы бизнес орта қалыптастырудан бөлек, еліміздегі кәсіпкерлікті жан-жақты дамыту үшін жүйелі шаралар қабылдамақ»

Айта кету керек, пандемия кезінде отандық шағын және орта бизнес табысынан айырылды. Осыған орай, олардың  несиелерді қайтару мерзімі шегерілді.  Шағын және орта бизнестің үштен бірі жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды. Дегенмен, әлемдік экономикалық дағдарысқа, елдегі қауіпті індеттің таралуына қарамастан шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 32 пайызға жетіпті. Енді қазақстандық кәсіпкерлер шетелдік өндірушілермен бәсекеге түсе алуы керек.

Сөз соңында Президент «Алтын Сапа» жеңімпаздарын құттықтап, кәсібіне сәттілік тіледі.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.