Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Алғаш рет мектеп басшыларына арналған лагерь өтуде

c 10:19, 31/07/2018 c 1708

0:00 / 0:00

Орал қаласындағы "Дарын" қосымша білім бері орталығының базасында мектеп басшыларына арналған "өсу векторы" жазғы лагері өтуде. 30 шілде мен 2 тамыз аралығында өтетін лагерьге 120ға тарта қатысушы жиналған. Жазғы мектептің жұмысы мектеп басшыларын кәсіби тұрғыдан дамыту мақсатында дайындалған арнайы бағдарлама негізінде өтеді.

120-ға тарта мектеп директоры мен орынбасарлар Орал қаласындағы «Дарын» қосымша білім беру орталығының базасына жиналып, жазғы лагерьде бас қосты. Үш күн бойы олар менеджменттегі жаңа технологиялармен танысып, білім саласындағы жаңашылдықтарға қанықпақ. «Өсу векторы» атты лагерь Назарбаев зияткерлік мектебінің тәжірибесін жалпы білім беретін оқу ордаларына енгізу мақсатын қамтиды.

Қатысушылар білім беру мазмұнын жаңарту, білім берудегі цифрлық сауаттылық, ұстаз мәдениеті атты арнайы дәрістерден өтеді. Еңбек жолын енді бастаған мамандар лагерьден тың идея жинақтамақ.

«Өсу векторы» атты жазғы лагерь тамыздың 2сіне дейін жалғасады.

Автор:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.