Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Алда шуақты көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурыз халықаралық әйелдер мейрамы

c 00:00, 06/03/2015 c 704

0:00 / 0:00

Яғни, аналарымыз бен барша әйел қауымының ерекше көңілге бөленетін, ер азаматтардан құттықтау тілектерін естейтін күн. Осыған орай біздің арна тілшілері нәзіктігіне қарамастан ержүректікті талап ететін маман иелерімен жүздесіп, сұхбаттасып қайтқан болатын. Гүлнар Каташева полиция под полковнигі. Қазіргі таңда Орал қалалық ІІБ-ның ақпараттық сараптау бөлімінің басшысы қызметін атқарады.Негізінен кейіпкеріміз өз жұмыс тәжірибесін орыс тілінің мұғалімінен бастап, шәкірт тәрбиелеген болатын. Ал 1999 жылы жас маманды ішкі істер оргынына шақырып, содан 16 жылдан бері екі баланың анасы Гүлнар Каташева ел қауіпсіздігін қадағалап, ер азаматтармен бірге ауыр жүкті теңбе тең арқалап келеді. Ал, келесі кейіпкеріміз ақ халатты абзал жандардың бірі - Талшын Есенғалиева. Ол 30 жылдан астам уақыттан бері қала тұрғындарының денсаулығын қадағалап, бар білімін науқастарының қандай да бір дерттен сауығуларына атсалысып келеді. Бір ерекшелігі анамыз басшылық лауазымына тағайындалғанына қарамастан, өз сүйікті ісі адам емдеуді еш қояр емес.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.