Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ақжайықтың жеңіcі

c 17:26, 16/04/2018 c 801

0:00 / 0:00

Оралдың "Ақжайық" футбол командасы Шымкенттің "Ордабасынан" айласын асырып, жеңіске жетті. Ойын Ақсай қаласында орналасқан "Қарашығанақ" стадионында болып өткен еді. Сол күні болған екпіні қатты жел Ақжайықтық спортшыларға еш кедергі келтірмегендей. Футбол клубының бас бапкері Владимир Мазяр бұл жеңісті өңір басшысы Алтай Көлгіновке арнады. Себебі, ойын басталмас бұрын облыс әкімі жергілікті футбол командасымен кездесіп, бапкерлерге ойында жеңіске жетуге байланысты нақты тапсырмалар жүктеген болатын.

Оралдың "Ақжайығы" үшін Ақсай қаласында өткен ойындар жеңіспен аяқталуда. Мәселен, аталмыш стадионда Оралдық аяқ допшылар Қазақстан футбол чемпионатының лидері саналатын Павлодардың "Ертісімен" кездескен болатұғын. Ойын барысында "Ақжайықтың" футболшылары Ертістік аяқ допшылардан айласын асырып, жеңіске жетті. Бөрлі ауданына табан тіреген "Ордабасы" футбол командасы да турнир кестесінде үздіктердің бірі еді. Алайда, украиндық бапкер Владимир Мазярдың тәрбиеленушілері бұл пікірмен келіспеді. Ойын барысында бірінші болып, Иван Антипов қарсыластың қақпасын алып, есеп ашты.

Оралдық аяқ допшылар айыппұл соққысынан кейін, есепті еселей түсті. Айыппұл соққысын Еребұлан Нұрғалиев орындап еді. Кейін, Ордабасының ойыншылары қарымта жауапқа көшті. Ойын барысында, төрешілер ордабасының бір жартылай қорғаушысын алаңнан аластатып, он бір метрлік айыппұл соққысын берді. Алайда, айып соққысын екінші мәрте Нұрғалиев қайталай алмады. Ойын соңында Эсеола есепті 4: 1ге жеткізді. Жанкүйерлердің көңіл-күйлері көтеріңкі. Себебі, Оралдың "Ақжайығы" бірінші рет бұл маусымда ең ірі есеппен жеңіске жетіп отыр.

Ордабасымен өткізген кездесуден соң , Оралдық "Ақжайық" турнир кестесінде алтыншы орынға табан тіреді. 22-ші сәуір күні Оралдық футболшылар Қостанайдың "Тобылымен" қарсылас команданың алаңында кезекті ойынын өткізбек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.